О создании новых аульных (сельских) округов Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңа ауылдық (селолық) округтер құру туралы Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы " және " Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы " Заңдарын басшылыққа ала отырып облыстық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төмендегі аудандар бойынша жаңа ауылдық (селолық) округтер құрылсын:
Тармақша 1
1) Байзақ ауданы бойынша: Сарыкемер ауылдық (селолық) округі құрамынан Үлгілі ауылы бөлініп, орталығы Үлгілі ауылы болатын Үлгілі ауылдық (селолық) округі құрылсын.
Тармақша 2
2) Жамбыл ауданы бойынша: Аса ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Бірлесу-Еңбек ауылы болатын Октябрь-жеміс ауылы елді мекенімен бірге Ақбастау ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
Тармақша 3
3) Жуалы ауданы бойынша: Ақсай ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Қайрат ауылы болатын Диқан ауылы елді мекенімен бірге Ақсай ауылдық (селолық) округі және орталығы Көлбастау ауылы болатын Талапты ауылы елді мекенімен бірге Мыңбұлақ ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
Тармақша 4
4) Қордай ауданы бойынша: Үлкен-Сұлутөр ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Сұлутөр ауылы болатын Көктөбе ауылы елді мекенімен бірге Сұлутөр ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
Тармақша 5
5) Меркі ауданы бойынша: Меркі ауылдық (селолық) округі құрамынан Т.Рысқұлов ауылы және Ойтал кенттік округі құрамынан Интернациональный ауылы бөлініп, орталығы Т.Рысқұлов ауылы болатын Интернациональный ауылы елді мекенімен бірге Т.Рысқұлов ауылдық (селолық) округі құрылсын.
Тармақша 6
6) Мойынқұм ауданы бойынша: Қызылтал ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Қызылотау ауылы болатын Қызылотау ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
Тармақша 7
7) Т.Рысқұлов ауданы бойынша: Тереңөзек ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Қайынды ауылы болатын Сөгеті, Мамай ауылдары елді мекендерімен бірге Қайынды ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
Тармақша 8
8) Талас ауданы бойынша: Қаратау ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Қасқабұлақ ауылы болатын Қасқабұлақ ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
Тармақша 9
9) Сарысу ауданы бойынша: Тоғызкент ауылдық (селолық) округі құрамынан Досбол ауылы, Жаңаарық ауылдық (селолық) округі құрамынан Шағалалы ауылы, Жайылма ауылдық (селолық) округі құрамынан Көкдала ауылы, Түркістан ауылдық (селолық) округі құрамынан Көкдала ауылы бөлініп, орталығы Досбол ауылы болатын, Шағалалы, Көкдала (үлкен), Көкдала (кіші) ауылдары елді мекендерімен бірге Досбол ауылдық (селолық) округі құрылсын.
Тармақша 10
10) Шу ауданы бойынша: Төлеби ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Абай ауылы болатын Өндіріс ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
Тармақ 2
2. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас және Шу аудандарының әкімдері Заңмен белгіленген тәртіпте аудан бюджеттеріне тиісті өзгертулер енгізсін.
Тармақ 3
3. Осы нормативтік құқықтық акт Жамбыл облысының әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.