О предоставлении земельного участка в право постоянного землепользования государственному учреждению «Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Актюбинской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жер учаскеcін тұрақты жер пайдалану құқығына табыстау туралы Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17 бабының 1–1 тармағының және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Мәртөк аудандық жер комиссиясының 2024 жылғы 25 қарашадағы № 27 қорытындысының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаменті әзірлеген жерге орналастыру жобасының негізінде, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Мәртөк ауданы, Шевченко, Қызылжар, Бөрте ауылдарына күзет аймағымен бірге жеткізуші газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін берілетін жер учаскесіне нысаналы шектеулі пайдалану (сервитут) құқығын беру үшін жалпы көлемі – 9,3314 га жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығына табысталсын.
Тармақ 2
2. «Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы (А. Сасырауов) жер-есебін жүргізетін құжаттарға тиісті өзгерістер енгізсін.
Тармақ 3
3. Жер учаскесінің бөлінуі немесе бөлінбеуі – бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жердің санаты – өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзгеде жер.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Ербазиевке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.