Об установлении тарифов на регулярные социально значимые перевозки пассажиров Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 - бабының 4, 5 - тармақтарына сәйкес Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсай қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері төлем тәсіліне байланысты келесі мөлшерде белгілесін: жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері, көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 теңге; жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 теңге; жекелеген санаттары бойынша жеңілдік берілген жолаушыларға жол жүру ақысы; жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері, көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 50 теңге; жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 100 теңге.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.