Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің «Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемеақысы 30 (отыз) пайыз көлемінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 16 шілдедегі № 422 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.