Об утверждении Правил оказания государственной финансовой поддержки для достижения целевых показателей теплоэнергетики Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету қағидаларын бекіту туралы «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және жылу энергетикасы саласындағы нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюджеттік сұраным – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес ұсынылатын құжаттар жиынтығы;
Тармақша 2
2) жылумен жабдықтауды дамыту схемасы – Заңға сәйкес әзірленетін және бекітілетін, тиісті аумақтың ерекшеліктері ескеріле отырып, жылу энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметті ұсынуға перспективалық қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жылу энергетикасын дамыту жөніндегі әрекеттер кешенін сипаттайтын және негіздейтін құжат;
Тармақша 3
3) жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштері – ұзақ мерзімді (стратегиялық) перспективада қол жеткізу жоспарланатын түйінді көрсеткіштердің мәндері;
Тармақша 4
4) жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жылу энергетикасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 5
5) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – уәкілетті орган. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына және Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету мынадай тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджеттік трансферттер, кредиттер және субсидиялар бөлу;
Тармақша 2
2) Бюджет кодексінің 141-бабына сәйкес заңды тұлғаларға және квазимемлекеттік сектор субъектісіне мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік беру түрінде.
Тармақ 4
4. Күтпеген мән-жайлар туындап, жылумен жабдықтауды дамыту схемаларына сәйкес бекітілген жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштерін бекіткен уәкілетті органға мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету туралы мәселені қарау үшін жүгінеді. Жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу мүмкін болмайтын күтпеген мән-жайларға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) еңсерілмейтін күштің және төтенше жағдайлардың жылумен жабдықтауды дамыту схемасында көзделген іс-шаралардың орындалуына келеңсіз әсерін тигізген әрекеті;
Тармақша 2
2) жылумен жабдықтауды дамыту схемасында көзделген іс-шаралар мен жобаларды іске асыру шығындардың алдын ала болжанбаған ұлғаюы.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қаржылық қолдау Заңның 20-бабының 5-тармағының талаптарына сәйкес жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне барынша жедел қол жеткізу мақсатында іске асырылады. Жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу жылу энергетикасы саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Олар жылу энергетикалық инфрақұрылымның тозуы, авария жағдайы және жылу желілері мен қондырғыларындағы жылу энергиясының шығындары сияқты жағымсыз көрсеткіштердің төмендеуіне ұзақ мерзімді әсер ететіндіктен, осы арқылы жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік сұранымдары осы Қағидаларға сәйкес қарастырылады.
Тармақ 6
6. Жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік сұранымдары Заңның 9-бабының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген жылумен жабдықтауды дамыту схемаларында көзделген жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсер ету дәрежесін ескере отырып градацияланады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қаржылық қолдау бюджет қаражатын жылумен жабдықтауды дамыту схемаларында көзделген іс-шараларды орындау үшін жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету тәртібі
2-тарау. Жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету тәртібі
Тармақ 8
8. Жергілікті атқарушы орган әкімшіге жылумен жабдықтауды дамыту схемасында көзделген іс-шараларды қаржыландыруға бюджеттік сұраным жібермес бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру бұйрығы) сәйкес көрсетілген іс-шаралардың жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкестігі туралы уәкілетті органның салалық қорытындысын алады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету туралы жолданымға (оның ішінде күтпеген жағдайлар туындаған кезде) мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы қағидаларына сәйкес жасалған бюджеттік сұраным;
Тармақша 2
2) бекітілген жылумен жабдықтауды дамыту схемасының көшірмесі не оның өзектілендірілген бөлігі;
Тармақша 3
3) қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы қаражаттың бар-жоғы және қалдығы туралы ақпарат;
Тармақша 4
4) қаржылық қолдаудың қажетті көлеміне жасалған негіздемесі бар есеп-қисап;
Тармақша 5
5) алдын ала болжанбаған мән-жайлар орын алып, жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу мүмкін болмай қалғанын растайтын құжаттар. Жылумен жабдықтауды дамыту схемасында көзделген жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды орындау үшін жергілікті атқарушы органның бақылау шотында жеткілікті көлемде қолма-қол ақша болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның жолданымы өз қаржылық ресурстарының шектеулілігін және ұсынылып отырған іс-шаралардың жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал ету дәрежесін ескере отырып қаралады. Жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшаның бақылау шотында жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды іске асыруға жеткілікті көлемде қаражат болған кезде бюджеттік сұраным жалпы тәртіппен қаралады.
Тармақ 10
10. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қаржылық қолдау алу үшін әкімшіге ұсынылатын құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Әкімші жолданым мен оған қоса берілген құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Енгізілген құжаттар осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда әкімші жолданымды қалыптастырып, Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларының 215-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 12
12. Егер ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімші олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде себептері көрсетілген дәлелді бас тартуды жергілікті атқарушы органға жібереді.
Тармақ 13
13. Жергілікті атқарушы орган дәлелді бас тартуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ескертулерді жояды және Әкімшіге қайта жүгінеді.
Тармақ 14
14. Әкімші қайта ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайта қарайды. Қайта ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ құжаттарды толық ұсынылмағаны және (немесе) ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылмағаны туралы хабардар етілген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әкімшінің ескертулері жойылған құжаттар топтамасын жергілікті атқарушы органдардың ұсынбауы мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес әкімші жергілікті атқарушы органға өтінімді қараудан бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдау) мүмкіндік береді, бұл туралы жергілікті атқарушы орган шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күн бұрын хабардар етіледі. _____________________________________