О установлении тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в сельском и пригородном сообщении на территории села Балпык би, Коксуского района Қолданыста
Басқа 0
Көксу ауданы, Балпық би ауылының аумағында ауылдық және ауыл маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес, Көксу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсанындағы «Балпық би ауылының аумағында ауылдық және ауыл маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы» № 52-207 шешімінің негізінде, Көксу әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көксу ауданының аумағында ауданішілік және ауылдық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көксу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.