О правилах оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям населения в Акжарском районе Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақжар ауданында жекелеген санаттағы халыққа бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету ереже туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақжар ауданында жекелеген санаттағы халыққа бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету, қосыла берілген Ереже бекітілсін (ілгеріде Ереже).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары А.А.Тастеміровке жүктелсін.
Басқа 3
«Ақжар ауданының жекеленген санаттағы халқына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету Ереже туралы» аудан әкімдігінің 2004 жылғы «15» желтоқсандағы № 239 қаулысымен бекітілген Ақжар ауданының жекеленген санаттағы халқына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже.
1. Жалпы ереже.
Тармақ 1
1. Осы Ереже жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша жекеленген санаттағы халыққа әлеуметтік төлемдерді 258-015000-332 «Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша жекеленген санаттағы халыққа әлеуметтік төлемдер» шығын функционалды біліктеу коды бойынша, бағдарлама әкімшісі – «Ақжар аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» арқылы беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті тағайындауды Ақжар аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тапсырылған құжаттар бойынша және зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Ақжар аудандық филиалы ұсынған зейнетақы мен жәрдемақы алушылар туралы мәлімет базасы негізінде, көмектің басқа түрлеріне қарамастан жергілікті бюджетте көзделген сомалар шегінде жүргізіледі
Тармақ 3
3. Бір жолғы әлеуметтік көмек бір тұлғаға жылына бір реттен артық көрсетілмейді.
Тарау 2. 2. Бір жолғы әлеуметтік көмекке құқығы бар халықтың санаты
2. Бір жолғы әлеуметтік көмекке құқығы бар халықтың санаты
Тармақ 4
4. Бір жолгы әлеуметтік көмек халықтың мына санаттарына беріледі: мүгедек балаларға, жетім балаларға және аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына - аудан әкімінің Жаңа жыл шыршасын мерекелеуге;
Тарау 3. 3. Әлеуметтік төлемдердің көлемі
3. Әлеуметтік төлемдердің көлемі
Тармақ 5
5. Бір жолғы әлеуметтік төлемдер: мүгедек балаларға, жетім балаларға және аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына - әр балаға 2000 (екі мың) теңгеден тағайындалады.
Тарау 4. 4. Бір жолғы әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі
4. Бір жолғы әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі
Тармақ 6
6. Ереженің 4 тармағында көрсетілген жекеленген санаттағы халыққа әлеуметтік төлемдерді тағайындауды жүзеге асару үшін мынадай құжаттар қажет: ата-анасының, баланы асырап алушының, қамқоршысының (қорғаушысының) өтініші, өтініш берушілердің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі, материалдық зерттеу актісі, арызданушының салық төлеуші ретінде тіркелу номері, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі, баланың мүгедектігін растайтын медико-әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы, тиісті органның асырап алу және қамкоршы белгілеу туралы шешімі, өтініш берушінің жинақтық банктегі есеп-шоты.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 7
7. Әлеуметтік төлемдер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасымен жасалган алушылардың тізіміне сай жеке есеп шотқа аудару жолымен Халық банкі филиалы арқылы жасалады.
Тармақ 8
8. Жекеленген санаттағы халыққа әлеуметтік төлемдер үшін бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын аудандық қаржы басқармасы қамтамасыз етеді.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту негіздері
6. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту негіздері
Тармақ 9
9. Бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту үшін мыналар негіз болады:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 6 тармагында көрсетілген құжаттар тізбесін толық тапсырмауы;
Тармақша 2
2) жалған құжаттарды тапсыру.