Об упразднении и преобразовании некоторых административно-территориальных единиц Костанайской области Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін тарату және қайта құру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына сәйкес, аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Амангелді ауданы Амантоғай ауылдық округінің Амантоғай ауылының құрамына енгізіле отырып, Амангелді ауданы Амантоғай ауылдық округінің Қарақұдық ауылы;
Амангелді ауданы Байғабыл ауылдық округінің Байғабыл ауылының құрамына енгізіле отырып, Амангелді ауданы Байғабыл ауылдық округінің Жаңатұрмыс ауылы;
Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің Қарынсалды ауылының құрамына енгізіле отырып, Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің Горняк ауылы;
Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Диев ауылының құрамына енгізіле отырып, Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Қоскөл ауылы;
Әулиекөл ауданы Қазанбасы ауылдық округінің Октябрь ауылының құрамына енгізіле отырып, Әулиекөл ауданы Қазанбасы ауылдық округінің Дәңгірбай ауылы;
Әулиекөл ауданы Москалев ауылдық округінің Москалев ауылының құрамына енгізіле отырып, Әулиекөл ауданы Москалев ауылдық округінің Жалтыркөл ауылы;
Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің Юльев ауылының құрамына енгізіле отырып, Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің Шилі ауылы;
Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің Красносельское ауылының құрамына енгізіле отырып, Бейімбет Майлин ауданының Журавлев ауылы;
Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің Красносельское ауылының құрамына енгізіле отырып, Бейімбет Майлин ауданының Щербинов ауылы;
Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округінің Богородское ауылының құрамына енгізіле отырып, Бейімбет Майлин ауданының Мирное ауылы;
Жангелдин ауданы Ақшығанақ ауылдық округінің Түйемойнақ ауылы;
Жангелдин ауданы Жаркөл ауылдық округінің Тентексай ауылы;
Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Славен ауылының құрамына енгізіле отырып, Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Октябрь ауылы;
Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округінің Станционное ауылының құрамына енгізіле отырып, Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округінің Фадеев ауылы;
Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің Красная Пресня ауылының құрамына енгізіле отырып, Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің Молодежное ауылы;
Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Ұзынағаш ауылының құрамына енгізіле отырып, Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Байғожа ауылы;
Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің Қызылжұлдыз ауылы таратылсын.
Тармақ 2
2. Әулиекөл ауданының Москалев ауылдық округі Әулиекөл ауданының Москалев ауылы болып қайта құрылсын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.