Об утверждении Правил утверждения тарифов (цен, ставок сборов) на услуги по передаче электрической и (или) тепловой энергии, предусматривающих порядок компенсирования затрат потребителей за присоединение дополнительных мощностей Күшін жойған
Басқа 0
Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту ережесін бекіту туралы
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына және Электр энергетикасы қондырғылары объектілерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ энергияны тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта құрылымдауға бағытталған, қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы түрінде заңнамада белгіленген тәртіппен қаражаттар енгізген табиғи монополия субъектілерінің тұтынушылары үшін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) есептеу мен бекітудің бірыңғай тәртібін айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Д.Х.Тоқыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (М.А. Токарева) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялануын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту ережесі
"Қосымша қуаттарды қосқаны үшін
тұтынушылардың шығындарын өтеу
тәртібін көздейтін электр және
(немесе) жылу энергиясын беру
жөніндегі қызметтерге тарифтер
(бағалар, алым ставкаларын)
бекіту ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2004 жылғы
8 желтоқсандағы N 477-НҚ
бұйрығымен бекітілген
Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және энергияны тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта құрылымдауға бағытталған, қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы түрінде заңнамада белгіленген тәртіппен қаражаттар енгізген табиғи монополия субъектілерінің тұтынушылары үшін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) есептеу мен бекітудің (бұдан әрі - тарифтер) бірыңғай тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Ереже меншік нысанына қарамастан, электр және (немесе) жылу энергиясын беруді және (немесе) бөлуді жүзеге асыратын барлық табиғи монополия субъектілеріне (бұдан әрі - Субъект) қолданылады.
Тармақ 3
3. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
уәкілетті орган - табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Осы Ережеде пайдаланылып отырған өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер бекіту тәртібі
2. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер бекіту тәртібі
Тармақ 4
4. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы енгізген тұтынушы үшін тарифті Субъект есептейді. Тарифті бекіту туралы Субъектінің шешімі тарифтің қолданылуы мерзімі көрсетілген Субъектінің бірінші басшысының бұйрығы түрінде қабылданады. Тарифті бекіту туралы бұйрықты Субъект қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы енгізгенін растайтын, есептер мен негіздеуші құжаттарды қоса бере отырып, оған қол қойылған күнінен бастап 2 жұмыс күні ішінде келісу үшін уәкілетті органға жібереді.
Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуді көздейтін тариф қолданысының мерзімін қайта қараған жағдайда, Субъект тарифті бекіту туралы бұйрыққа тиісті өзгеріс енгізеді және оны уәкілетті органға келісуге береді.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган Субъект ұсынған шешім мен негіздеуші материалдарға тиісті материалдардың уәкілетті органға түскен күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде сараптама жүргізеді.
Тармақ 6
6. Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган жазбаша түрде қосымша ақпарат, оның ұсынылу мерзімін көрсете отырып, сұратады.
Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат, оны уәкілетті органға ұсынудан бас тарту үшін негіз бола алмайды.
Тармақ 7
7. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы енгізген тұтынушыға, осы тұтынушы үшін Субъектінің бұйрығымен бекітілген тарифті ескере отырып, Субъекті мен тұтынушы арасындағы жасалған шартқа қосымша негізінде тариф бекітілген айдан кейінгі айдың 1 күнінен бастап, электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу жөніндегі қызметтерді көрсетеді.
Тармақ 8
8. Субъект қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы төлеген тұтынушының назарына тарифті төмендету туралы ақпаратты олар қолданысқа енгізілгенге дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жеткізеді.
Тарау 3. 3. Тұтынушылардың қосымша қуаттарды қосқаны үшін шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтің деңгейін есептеу тәртібі
3. Тұтынушылардың қосымша қуаттарды қосқаны үшін шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтің деңгейін есептеу тәртібі
Тармақ 9
9. Табиғи монополия субъектісінің уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) қолданылу кезеңінде алған табыстары жылдық амортизация сомасының елу проценті кемітілген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға қажетті шығындардың құнынан төмен болмауға тиіс.
Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуді көздейтін тариф ең аз мүмкін болатын шекті тарифтің (Т1) деңгейінде белгіленеді және мынадай формула бойынша есептеледі:
Т х V - (П + А)
Т1 = ------------------, мұндағы
V
Т1 - қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуді көздейтін тариф (ең аз мүмкін болатын шекті тарифтің деңгейі), теңге;
Т - заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тариф;
V - бекітілген тарифтік сметада ескерілген қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемі;
П - бекітілген тарифтік сметада ескерілген пайда, теңге;
А - бекітілген тарифтік сметада ескерілген жылдық амортизация, теңге.
Тармақ 9-1
9-1. Негізгі құралдары сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалдауға, лизинг бойынша алынған Субъекті үшін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тарифте электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсеткен кезде пайдаланылатын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары ескерілмеген жағдайда қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуін көздейтін тариф (Т1) мына формула бойынша есептеледі:
Т х V - (П + 0,5 х З жалд.)
Т1 = [-----------------------------], мұндағы
V
Т1 - қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуін көздейтін тариф, теңге;
Т - заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тариф;
V - бекітілген тарифтік сметада ескерілген қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемі;
П - бекітілген тарифтік сметада ескерілген пайда, теңге;
З жалд. - заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтік сметада ескерілген негізгі құралдарды пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеуге арналған шығыстар, теңге.
Тармақ 10
10. Субъект қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушының шығындарын өтеуді көздейтін тарифтің қолданылу кезеңін мынадай формула бойынша айқындайды:
S вл.
n = ------------------, мұндағы
(Т - Т1) * Vпотр.
n - қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушының шығындарын өтеуді көздейтін тарифтің қолданылу кезеңі;
S вл. - тұтынушылар электр және жылу энергиясын тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта құрылымдауға бағытталған, қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы түрінде заңнамада белгіленген тәртіппен енгізген ақша қаражаттарының сомасы, теңге;
V потр. - ниет хаттамаларымен, шарттармен, даму жоспарларымен және басқа да құжаттармен расталған қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы енгізген тұтынушының электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерді тұтынуының болжамды жылдық көлемі.
Тармақ 11
11. Субъект:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 10-тармағына сәйкес тариф қолданысының кезеңін бастапқы айқындаған кезде ескерілген тұтыну көлемінен қызметтерді тұтынудың іс жүзіндегі жылдық көлемінен ауытқыған;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тарифті немесе оның шекті деңгейін уәкілетті орган бекіткен жағдайда қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуін көздейтін тариф қолданысының кезеңін қайта қарайды.
Тармақ 11-1
11-1. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуін көздейтін тариф қолданысының кезеңінде Субъект уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тариф немесе оның шекті деңгейін бекітуге арналған өтініммен жүгінуге құқылы.
Бұл ретте жаңа тарифтің деңгейін негіздеуге алынған Субъект көрсететін қызметтердің көлеміне қосымша қуаттарды қосқаны үшін төлемақы енгізген тұтынушылардың электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерді тұтынудың жиынтық болжамды көлемі қосылады.
Тармақ 11-2
11-2. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуін көздейтін тариф қолданысының кезеңінде Субъект жыл сайын (және тарифті қолданысқа енгізген күннен бастап өспелі қорытындысымен) Субъект бекіткен тарифті ескере отырып осы тұтынушыға электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтердің іс жүзінде ұсынылған көлемі және тұтынушыға іс жүзінде ұсынылған қызметтер көлемінің туындысы ретінде айқындайтын және заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтің (Т) және қосымша қуаттарды қосқаны үшін шығындардың өтеуін көздейтін тарифтің (Т1) арасындағы айырмашылықты қайтару сомасы туралы ақпаратты қорытындылайды.
Субъект ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін уәкілетті органға қосымша қуаттарды қосқаны үшін төлемақы енгізген тұтынушыларға электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтердің іс жүзінде ұсынылған көлемдері туралы тұтынушылар бойынша бөле отырып және өткен күнтізбелік жыл үшін қайтару сомаларын және тарифті қолданысқа енгізген күннен бастап өспелі қорытындысымен жинақталған ақпаратты ұсынады.
Тарау 4. 4. Осы Ереженің бұзылғаны үшін жауапкершілік
4. Осы Ереженің бұзылғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 12
12. Осы Ережені бұзуға жол берген Субъектілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін.