Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 33-бабына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сипаттамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген), Жітіқара ауданының аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2026 жылғы 2 наурыздағы № 2 хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Степной ауылдық округінің Степной және Тоқтаров ауылдық округінің Тоқтаров ауылдарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Мендыбаев Е.А. тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.