Об отмене решения Костанайского городского маслихата Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай қалалық мәслихатының шешімін жою туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 5-тармақшасына, Қостанай қаласы прокуратурасының 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 2-090107-25-01435 наразылығына, Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 3971-25-00-2/4105 шешімі, Қостанай облыстық азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 3 ақпандағы № 3999-26-00-2а/76 қаулысына сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 155 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қостанай қалалық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 137 шешімі жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім қабылданған сәтінен бастап күшіне енеді.