Об утверждении положении самостоятельных отделов Жетысайского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жетісай ауданының дербес бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Жетісай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1–қосымшасына сәйкес "Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 2
2) осы қаулының 2–қосымшасына сәйкес "Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 3
3) осы қаулының 3–қосымшасына сәйкес "Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 4
4) осы қаулының 4–қосымшасына сәйкес "Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 5
5) осы қаулының 5–қосымшасына сәйкес "Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 6
6) осы қаулының 6–қосымшасына сәйкес "Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 7
7) осы қаулының 7–қосымшасына сәйкес "Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 8
8)осы қаулының 8–қосымшасына сәйкес "Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (одан әрі – Ережелер) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының бірінші тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 16. "Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жетісай ауданы әкімдігінің «___» ________ 2026 жылғы №______ қаулысына 1-қосымшасы "Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі) экономика және қаржы саласындағы басшылықты жүзеге асырататын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160500, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі 20.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Жетісай ауданының экономика және қаржы бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) аудандық бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ауданның бюджеттік қаражаттарын және аудан әкімдігінің коммуналдық меншік объектілерін басқару;
Тармақша 3
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;
Тармақша 4
4) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара әрекеттестікте бюджеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар.
Тармақша 2
2) міндеттері: - ауданның мемлекеттік бюджет саясатын іске асыруға қатысу; - ауданның тиісті қаржы жылына арналған бюджетін бекіту туралы аудандық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу; - ауданның тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетін бекіту туралы мәслихат шешімін іске асыру жөніндегі аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу; - қаржыландырудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту; -жергілікті бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және орындалуы туралы есепті әзірлеу; - ауданның үш жылға арналған бюджет жобасын әзірлеу; -басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру; -республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасау және оны тиісті органдарға ұсыну; - коммуналдық меншікті басқару, жалға беру, сату, жекешелендіру, жекешелендіруден кейінгі қызмет және дауларды реттеу, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын әзірлеу және мониторинг жүргізу;
Тармақша 2
2) орта мерзімді кезеңге арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу;
Тармақша 3
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізу үшін басым бағыты бар жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімін қарау;
Тармақша 4
4) тиісті жоспарлы жылға арналған басым бағыты бар бюджеттік инвестициялық жобалардың тізіміне енгізу үшін инвестициялық жобаларын (бюджеттік) экономикалық қорытынды дайындау;
Тармақша 5
5) экономикалық дәйектеме негізінде, ауданның орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, салық салу базасына, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдеріне сәйкес аудан бюджетінің параметрлерін жоспарлау және үш жылдық кезеңге арналған (жоспарлы кезең) жергілікті бюджеттің жобасын құрастыру;
Тармақша 6
6) ауданның бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру және мониторинг жүргізу;
Тармақша 7
7) тиісті есепті кезеңге ауданның бюджетінен қаржыландырылатын, атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау үшін тиісті жоғары тұрған уәкілетті мекемелерге құжаттар дайындау және ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
Тармақша 9
9) бюджеттік заңдылықтарға сәйкес ауданның бюджетінің міндеттемелер бойынша жалпы қаржыландыру жоспарларын, түсімдер жоспарын және төлемдер бойынша жалпы қаржыландыру жоспарын құрастыру, бекіту және жинақтау;
Тармақша 10
10)болжамды түсім көлемі негізінде төлемдер мен міндеттелемелер бойынша аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларына талдау жасау;
Тармақша 11
11)бюджет қаражаттарын басқаруды жүзеге асыру, алдағы кезеңге бюджетке түсетін қаржының күтілетін көлемін анықтау;
Тармақша 12
12)басқа жақтан қаражаттар тарту процессін ұйымдастыру;
Тармақша 13
13)бюджеттік мониторинг жүргізу;
Тармақша 14
14)бюджеттік есеп жүргізу;
Тармақша 15
15)Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарына сәйкес, ауданның бюджетінің айлық жылдық есептерін құрастыру және ұсыну, сонымен қатар, мемлекеттік басқару органдарына басқа да есептерді ұсыну;
Тармақша 16
16)бюджет заңдылықтары негізінде ауданның бюджетінің айлық, тоқсандық және жылдық есептеріне талдау жасау және бақылау жүргізу;
Тармақша 17
17)Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарымен белгіленген тиісті органдарға ұсыну үшін дебиторлық және кредиторлық қарыздар туралы есептерді құрастыру;
Тармақша 18
18)ауданның бюджетінің атқарылуы туралы жедел мәліметтерді жинау, құрастыру және тиісті органдарға ұсыну;
Тармақша 19
19)инвестициялық жобалар, даму бюджетінің игерілуі барысына мониторинг жүргізу;
Тармақша 20
20)бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік несиелерге қызмет көрсетуді жүзеге асыру, есебін жүргізу, мониторинг жүргізу;
Тармақша 21
21)бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы жөнінде жалпы қорытындылар дайындау;
Тармақша 22
22)ҚР қолданыстағы заңдылықтары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер шегінде аудандық коммуналдық меншікті басқару және оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 23
23)аудандық коммуналдық мүлік есебін жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 24
24)акциялары және үлестері мемлекетке тиесілі шаруашылық жүргізуге құқылы мемлекеттік кәсіпорындар және акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржылық-шаруашылық қызметіне мониторинг жүргізу;
Тармақша 25
25)аудандық коммуналдық меншіктерді аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітуді жүзеге асыру;
Тармақша 26
26)аудандық коммуналдық меншікті пайдалану және қолдану, иелену бойынша уәкілеттікті жүзеге асыру;
Тармақша 27
27)ҚР қолданыстағы заңдылықтары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер шегінде және уәкілетті органдардың (бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің) тікелей қатысуымен аудандық коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіруді ұйымдастыру;
Тармақша 28
28)жекешелендіру үшін аудандық коммуналдық меншіктегі нысандарды беру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 29
29)коммуналдық меншікті және мүлікті жалға алу жөніндегі келісім шарттарды рәсімдеу (аудандық коммуналдық мүлікті), жалға берілген мүліктер бойынша төлем ақысын есептер көлемінің есебін құрастыру;
Тармақша 30
30)аудандық коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға және жалға беру шарты бойынша жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 31
31)заңдылықтарға және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес коммуналдық меншікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беруді ұйымдастыру;
Тармақша 32
32)аудандық коммуналдық меншіктің сақталуы, тиімділігі және ұтымды пайдаланылуы бойынша жұмыстар жүргізу;
Тармақша 33
33)ҚР заңдылықтарында белгіленген тәртіппен иесіз нысандарды анықтау және оларды есепке қойып әрі қарай коммуналдық мешікке қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 34
34)ҚР заңдылықтарында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және әрі қарай пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 35
35)мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың коммуналдық меншіктегі нысандарын түгендеу және есепке алу бойынша теңгерім ұстауыштармен жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 36
36)мемлекеттің қатысумен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржылық-шаруашылық қызметтерінің қорытындысы бойынша талдау жүргізу;
Тармақша 37
37)мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқаушы кеңесіне және директорлар кеңесіне қатысу;
Тармақша 38
38)мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруға және өткізуге мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 39
39)мемлекеттік сатып алулар бойынша жинақ және есептерді ұсыну;
Тармақша 40
40)Бөлімнің қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
Тармақша 41
41)мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындардың және акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына өтуіне талдау жасау және мониторинг жүргізу;
Тармақша 42
42)ауданның жергілікті атқарушы органдарының резервтерді пайдалану бойынша мәліметтерді жинақтау;
Тармақша 43
43)Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес аудан және облыс әкімінің Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің және басқалардың тапсырмаларын орындау;
Тармақша 44
44) Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларымен, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының нормативті-құқықтық актілерімен, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларымен, облыс және аудан әкімінің өкімдері және шешімдерімен белгіленген өзгеде міндеттер.
Тармақша 35
35)ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жетісай ауданының экономика және қаржы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді:
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7)мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9)Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 107. "Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жетісай ауданы әкімдігінің " ____ " _________2026 жылғы №____ қаулысына 2-қосымша "Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мынадай ведомстволары бар.
Тармақша 1
1) Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған "Балдәурен" күндіз болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақша 2
2) Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған "Үміт ұясы" күндіз болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақша 3
3) Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Асыл Қазына және Тең қоғам" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақша 4
4) Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтық–құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Ш.Айманов көшесі №38 А үй, индекс 160500.
Тармақ 10
10. Осы ереже Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекетік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекетік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: -мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мекеме мүдделерін білдіру; -өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу; -қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру; -облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізуге; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
Тармақша 2
2) Міндеттері: - әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу; -"Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, психологиялық көмектер және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жергілікті уәкілетті орган шешімі негізінде бір реттік жәрдемақыларды төлеу.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) аудан аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды жыл сайын анықтап отырады;
Тармақша 2
2) аудандардағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлау;
Тармақша 3
3) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
Тармақша 4
4) ұлттық жобалар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 6
6) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдауды ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 9
9) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құру және олардың қызметі;
Тармақша 10
10) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;
Тармақша 11
11) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
Тармақша 13
13) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
Тармақша 14
14) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 15
15) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 16
16) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
Тармақша 17
17) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсыну;
Тармақша 20-1
20-1) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 20-2
20-2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру;
Тармақша 21
21) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдеседі;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;
Тармақша 23
23) мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 24
24) мекемелерден босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
Тармақша 25
25) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 26
26) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін басқада іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 28
28) өз құзіреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 29
29) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
Тармақша 30
30) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;,
Тармақша 31
31) мемлекеттің кәмелетке толғандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 32
32) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 33
33) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасының заңнамасында аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.
Тармақ 18
18. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4)заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың директорларын тағайындайды және қызметінен босатады. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақ 1
1. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған "Балдәурен" күндіз болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған "Үміт ұясы" күндіз болу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Асыл Қазына және Тең қоғам" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 196. "Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жетісай ауданы әкімдігінің "___" _______ 2026 жылғы №___ қаулысына 3-қосымша "Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қорын дамыту, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мынадай ведомстволары бар.
Тармақша 1
1) Жетісай ауданы әкімдігінің "Жетісай қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жетісай су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.
Тармақша 3
3) Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің "Жетісай аудандық газ техникалық қызметі және тұрғын үй қатынастары" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 7.Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8.Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 160500, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі №12.
Тармақ 10
10. Осы ереже Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады. 11.Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады. 12.Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында және тұрғын үй қорын дамыту саласында, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту саласында, тұрғын үй инспекциясы саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары:
Тармақша 1
1) аудан әкімі мен әкімдігіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, даму стратегиялары мен басымдықтары туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде мердігерлерге орындау үшін міндетті нұсқаулар мен нұсқамалар беру;
Тармақша 3
3) аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен және басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4)аудан мекемелерінің, кәсіпорындарының, ұйымдарының, қоғамдық құрылымдарының мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша тексеру, сараптама және кеңес жүргізу және комиссия жұмысына қатысу үшін тарту;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде аудан аумағында энергетикалық қызметтің барлық субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылатын энергетикалық саясатты іске асыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде бақылау мақсатында энергетика, жол, су және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне бару;
Тармақша 7
7) ауданның қаржы-несие, инвестициялық, жекешелендіру, салық саясаты бойынша шешімдерді әзірлеу, талқылау үшін қалыптастырылатын консультативтік комиссиялардың және жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
Тармақша 8
8) заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпарат беру;
Тармақша 9
9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсетеді, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес;
Тармақша 10
10) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсыну;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақша 2
2) Міндеттері:
Тармақша 1
1) автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен жөндеуді ұйымдастыру және көлік, жол инфрақұрылымын дамыту;
Тармақша 2
2) автожол саласы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;
Тармақша 3
3) тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру;
Тармақша 4
4) халықтың өмірі үшін қолайлы санитариялық-эпидемиологиялық фон жасау;
Тармақша 5
5) ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі;
Тармақша 6
6) меншік нысанына қарамастан ауданды жылу және электр энергиясымен, сумен тұрақты жабдықтаудағы барлық учаскелерді (жеткізушілер мен тұтынушылар) жедел үйлестіру;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8)тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау;
Тармақша 9
9) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау.
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары: -ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, тұрғын үй қорын дамытуды, жолаушылар көлігін және ауданның автомобиль жолдарын дамыту жұмыстарын жүзеге асырады; -тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; -тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; -тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады; -бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді; - Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 32-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайда, кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етеді; - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен айқындалатын тәртіппен тұрғын үйлерді тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады; - кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келіседі; - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады. - коммуналдық шаруашылықты қысқы мезгілдегі жұмысқа дайындау бойынша кәсіпорындар-қызмет берушілер мен тұтынушылардың (ПИК) қызметін үйлестіреді және жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді; - тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді; - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді; - тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектілерді қабылдаған кезде мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына ену; - Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарттарын жасасу, қажет болған жағдайларда жалға алушы мен оның отбасы мүшелерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылды деп тану бойынша шаралар қабылдау; - коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізу; -Республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді; - авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады; - жерлеу орындарын күтіп-ұстау және тексіздерді жерлеу; -ауданның аумағы шегінде орналасқан су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен конкурстық негізде береді. -ауданды абаттандыру мен көгалдандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыр. -ауданды санитарлық тазартуды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру; -өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орындарын күтiп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру. -коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлеп, аудан әкімдігі арқылы жергілікті өкілді органға бекітуге ұсынады; -өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен бірлесіп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерiн әзiрлеп, аудан әкімдігі арқылы жергілікті өкілді органға бекітуге ұсынады; - коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады; - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен бірлесіп, қалдықтарды жинау, әкету, залалсыздандыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы тарифтердің мөлшері мен оларды бөлу тәртібін айқындайды; - қазандықтардың, жылу желілерінің және тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін; - қазандықтар, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады. - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады; - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді; - ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады; - жасыл желектерді санитарлық кесуге (іріктемелік, жаппай) амалсыз алып тастауға, қайта отырғызуға, бөрікбастарын қалыптастыруға, санитарлық кесуге, ландшафтық кесуге, діңгегін тазалауға рұқсат беру; - "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарған кезде өтем төлейді; - қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және аудан аумағындағы көріктендіру ержелерін бұзуға сондай-ақ аудандағы инфрақұрылымдар мен нысандардың бұзылуына жол бермеу; - аудандағы сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға келісе отырып ұйымдастырады; - аудан аумағындағы көлік аялдамаларын орнату, көріктендіру және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру; -инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына жобалау-сметалық құжаттамалар, техникалық экономикалық негіздер жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жұмыстарын үйлестіру; - ауданның коммуналдық меншігіндегі қала көшелерін, саябақтарды, скверлерді, лотоктар мен арық-атыстар жүйелерін, ұңғымаларды және фонтандарды, көпшілік пайдаланатын жерлер мен көріктендіру, ескерткіш нысандарын өз дәрежесінде күтіп ұстауды ұйымдастыру; - ауданның коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға келісе отырып ұйымдастырады;. - қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi; - жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды; - экономикалық тұрақты жұмысты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасайды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады; - заң актілеріне сәйкес ауданның коммуналдық меншігін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; - әділет органдарында жедел басқару құқығын мемлекеттік тіркеуді, мүлік және жылжымайтын мүлік объектілерін тіркеуді іске асырады; - азаматтық-құқықтық шарттар (сатып алу-сату, мердігерлік және басқа да шарттар) негізінде мүлікті сатып алу және оны жасау жұмыстарын ұйымдастыру; - заң актілеріне сәйкес ауданның коммуналдық меншігін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; - Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi; - Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстар жүргізу. - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; - автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелердің мөлшерін әзірлеу; - аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елдi мекендердiң көшелерiн басқару; - ауданның коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару; - аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; - аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау; - маршруттар және маршруттар бойынша жүру кестелерін бекіту үшін әзірлеп аудан әкімдігіне ұсыныс енгізуді, сондай-ақ оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыруды; - жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi; - жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады; - шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлейді және аудан әкімдігіне ұсынады; - алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдауды ұйымдастырады; - қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады; - тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді; - таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді; - жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. - тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға; - кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларының жүзеге асыру; - тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету; - тұрғын үй инспекциясының кондомиум обьектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру: - кондоминиум обьекиісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды орындауға, - коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асыру; - кондоминиум обьектісіне ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру; - кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімділігін және кезектілігін айқындау; - мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстарды атқаратын мердігерлік ұйымдар жұмыстарын бақылау; - осы тізімде көрсетілген обьектілерді жөндеудегі жобалау-сметалық құжаттарды әзірлейді, тиісті қызметтермен бірлесе отырып инженерлік құрал жабдықтарының, техникалық жағдайын, өз құзыры шегіне қызметтері мемлекеттік мекемеге жүктелген қолданыстағы нормативтік – техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп-ұстау мен жөндеу жөніндегі кешенді шаралардың уақытылы орындалуын бақылау; - жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және жауап береді; - елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде бақылау субьектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде қадағалау . - кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабыладау жөніндегі комиссияларға қатысу; - кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару. -пәтерлердің, тұрғын үй үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум обьектісін басқару және кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу; -пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нысанын таңдау рәсімінің сақталуына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашу. - обьектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталынуына мемлекеттік қадағалау. - көп пәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу,энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуын қадағалау. - кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақытылы орындалуына мемлекеттік қадағалау. - анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына мемлекеттік қадағалау. - жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуге мемлекеттік қадағалау. - кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындаған жұмыстардың сапасына мемлекеттік қадағалау. - елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен обьектілеріне қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау йункцияларын жүзеге асырады. -Тұрғын үй инспекциясы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады. -Тұрғын үй инспекциясы елді мекендердің шекаралары шегінде тұрған үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру. -Тұрғын үй инспекциясы кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақыланатын обьектілердің иелеріне,көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға "әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсетеді. -Тұрғын үй инспекциясы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум обьектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынады. -Пәтерлердің , тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум обьектілерінің жекелеген түрлеріне күрделі жөндеу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірлейді. - Кондоминиум обьектілерінің жекелеген түрлеріне жөндеу жүргізу үшін техникалық және авторлық қадағалаушыны Заңнамаларға сәйкес анықтап береді. - Кондоминиум обьектілерінің жекелеген түрлеріне жөндеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы талаптарына сәйкес тұрғындармен жиналыстар ұйымдастырады. - Мекеменің құрылымындағы тұрғын үй инспекциясы, кондоминиум обьектілерін басқару және техникалық қадағалау секторларының жұмысын ұйымдастыру. - апатты тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады; - елді мекендерді электр желісімен және газ жүйесімен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуді үйлестіру. - қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады; -ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.
Тармақ 18
18. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4)заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. "Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қарамағындағы ведомстволық ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) Жетісай ауданы әкімдігінің "Жетісай қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жетісай су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.
Тармақша 3
3) Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің "Жетісай аудандық газ техникалық қызметі және тұрғын үй қатынастары" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 261. "Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жетісай ауданы әкімдігінің "____" ________ 2026 жылғы №____ қаулысына 4-қосымша "Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі) ауданның ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің мынадай ведомстволары бар;
Тармақша 1
1) Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 3
3. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, уәкілеттілік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160500, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі № 20 үй.
Тармақ 10
10. Осы ереже Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жетісай ауданының ішкі саясат бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Жетісай ауданының ішкі саясат бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: - ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; - Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді іске асыруға құқылы.
Тармақша 2
2) міндеттері: - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; - қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; - ауданда Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің, облыстың және аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылау жасайды; - қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады; - ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады; - ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер және тәжірибелік ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; - ауданда болып жатқан қоғамдық–саяси процестерге және оның даму барысына жан–жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды; - аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады; - аудандағы қоғамдық–саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік-саяси зерттеулер жүргізеді; - қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды; - әлеуметтік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметіндегі өзара келісілген іс-әрекетті қамтамасыз етеді; - аудан әкімі орынбасары жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады; - Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; - мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету; - мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру; - қарамағындағы мекеменің қызметін үйлестіру; - өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады; - ішкі саясат саласында Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, Жетісай ауданының ішкі саясат бөліміне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады; - Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай–ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады; - аудандық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге арналған жастар саясаты мен мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі аудандық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады; - Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін ішкі саясат, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді; - Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді; - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық–саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, Қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының облыс пен аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады;
Тармақша 4
4) аудан туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімдігінің жұмысына қатысады;
Тармақша 5
5) Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің құзырына кіретін мәселелер бойынша Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасымен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі атқарған жұмыстары жөнінде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасына үнемі есеп беріп отырады;
Тармақша 7
7) Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер жөнінде бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамыз етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) облыстық және аудандық қоғамдық –саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) ауылдық округтер әкімдерінің, ауданның мемлекеттік мекемелерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды;
Тармақша 11
11) ауданның ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша аудандық әкімдіктің мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады;
Тармақша 12
12) кіші Ассамблеяға және оның хатшылығына ұйымдастырушылық және әдістемелік, ақпараттық көмектер көрсетеді;
Тармақша 13
13) ішкі саясат саласында, этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 14
14) Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және қорыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) саяси партиялармен, этно– мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми–практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;
Тармақша 17
17) аудан әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірлесе отырып, Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды;
Тармақша 18
18) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жетісай ауданының ішкі саясат бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 18
18. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары жоқ.
Тармақ 19
19. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Жетісай ауданының ішкі саясат бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
Тармақ 23
23. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1)Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 323. "Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жетісай ауданы әкімдігінің "___" ________ 2026 жылғы №____ қаулысына 5-қосымша "Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі) жер қатынастары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2.Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160500 Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Байботаев көшесі 28 «Б».
Тармақ 10
10. Осы Ереже Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) ауданның аграрлық секторының тиімді және ұтымды жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жер қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жер қатынастарын реттеу;
Тармақша 3
3) белгiлеген жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн; жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
Тармақша 5
5) шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;
Тармақша 6
6) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: - мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіру; -өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу; -Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес сотқа талап қоюмен жүгіну; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
Тармақша 2
2) Міндеттері: - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; - Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; - мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету; - мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру; -агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын әзірлеу; -агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де бағыттары бойынша жүзеге асыру; - мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; - асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту; -аудандағы "Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру, кепілін мемлекеттік тіркеу, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу, ауыртпалықтың жоқ (бар) туралы ақпарат беру және машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру"; - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияныжүзегеасыру; 3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
Тармақша 4
4) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртiппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргiзудi, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
Тармақша 7
7) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) есептілік ұсыну;
Тармақша 8
8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
Тармақша 10
10) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 10-1
10-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 11
11) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 11-1
11-1) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 12
12) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 13
13) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
Тармақша 14
14) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
Тармақша 15
15) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 16
16) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 18
18) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
Тармақша 19
19) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;
Тармақша 20
20) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
Тармақша 21
21) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
Тармақша 22
22) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 24
24) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 24-1
24-1) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
Тармақша 25
25) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 26
26) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
Тармақша 27
27) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақша 28
28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.
Тармақ 18
18. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда ) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 399. «Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жетісай ауданы әкімдігінің «___» _______ 2026 жылғы №___ қаулысына 6 - қосымша «Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген шекте кәсіпкерлік саласында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2."Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3."Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. "Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. "Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6."Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7."Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының актілерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. "Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері; 160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Ә.Байботаев көшесі № 28 Б.
Тармақ 10
10. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның толық атауы - «Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 11.Осы Ереже Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. "Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. "Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер "Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық және жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) «Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі: Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру табылады.
Тармақ 15
15. Өкілеттіктері:
Тармақ 1
1. Құқықтары:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік мекеменің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 3
3) аудан әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, қалалық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекемелерден, мемлекеттің қатысуындағы заңды тұлғалардан және өзге ұйымдардан өзінің құзыреті шеңберінде қажетті ақпаратты сұратуға құқылы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен аудандық маслихаттың шешімдері мен қаулыларының жобаларын дайындауға қатысады;
Тармақша 6
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Міндеттері:
Тармақша 1
1) өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Мемлекеттік мекемінің құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында мемлекеттік мекеменің қызметін жетілдіру жөнінде қала әкіміне ұсыныстар енгізеді, мемлекеттік мекемеге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік мекеменің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін кәсіпкерлік саласында азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
Тармақша 6
6)Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) аудан аумағында өнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзiрлеу және оларды iске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) өнеркәсiптiк кешен субъектілерiне мемлекеттiң саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 3
3) Өңірлік туризмді дамытубағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шаралардың атқарылуын жүзеге асырады.
Тармақша 4
4) Сауданы дамыту мен реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.
Тармақша 5
5) Кәсіпкерліктің дамыған инфрақұрылымын қалыптастыруға қажетті құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және ұйымдастырушылық жағдайларын жасау;
Тармақша 6
6) Аудан кәсіпорындарында шетелдік тауарлармен бәсекесе алатын өнімдерді шығару үшін озық техника мен технологияны өндіріске енгізу;
Тармақша 7
7) Кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету және қызмет ету жүйесін қалыптастыру;
Тармақша 8
8) Мемлекеттік саясаты жүзеге асыру және кәсіпорындармен серіктестік-
Тармақша 10
10) Маркетинг қызметін дамытуды қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру;
Тармақша 11
11) Жеке кәсіпкерлікті, ауылдық аумақтарды дамытудың және осы саладығы бағдарламаларды іске асырудың мониторингін жүргізу;
Тармақша 12
12) Аудан әкіміне орта шағын кәсіпкерлік бойынша талдау және есеп берін отыру;
Тармақша 13
13) Кәсіпкерлерге несие алу үшін жәрдем беру;
Тармақша 12
12) Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы субъектілеріне осы заманнын техтологиясын алуда көмек көрсету, оның ішінде лизингке;
Тармақша 14
14) өнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
Тармақша 15
15) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын  жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн берілген несие көлемі жөнінде мәлімет жинақтап, талдау жүргізу;
Тармақша 18
18) өңiрлерде мемлекеттiк бағдарламалардың iске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етедi және ол үшiн жауапты болады;
Тармақша 19
19) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында кәсіпкерлер мен мемлекет арасында туындайтын өзекті мәселелер бойынша жиындар өткізіп, оларды заң талаптарына сәйкес шешу жолдарын қарастыру;
Тармақша 20
20) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлер арасында кәсіпкерлік қызметті заң талаптарына сәйкес жүзеге асыру үшін шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген жеке заңды тұлғаға түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 21
21) сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 22
22) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
Тармақша 24
24) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
Тармақша 26
26) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 27
27) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 28
28) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 29
29) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру;
Тармақша 31
31) Туризмді және туристік индустрияны дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 32
32) өзінің қызметінен туындайтын мәселелер бойынша сотқа талап арыздар бере алады;
Тармақша 33
33) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлімнің басшысы (бұдан әрі мәтін бойынша – бірінші басшы) жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 19.Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттері мен олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципінде іс-әрекет жасайды және мемлекеттік мекеменің жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекемені басқару кезінде бірінші басшы заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақ 3.1
3.1. Мемлекеттік мекеме атынан сенім хатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді.
Тармақ 3.2
3.2. Заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мемлекеттік мекеменің мүлігіне билік жасайды.
Тармақ 3.3
3.3. Банктерде есеп-шоттар ашады, мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады оларға қол қояды және нұсқаулар береді.
Тармақ 3.4
3.4. Заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 3.5
3.5. Заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады.
Тармақ 3.6
3.6. Мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентін бекітеді.
Тармақ 3.7
3.7. Мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады.
Тармақ 3.8
3.8. Заңнамамен осы ережемен және қала әкімдігімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.
Тармақ 3.9
3.9. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 21
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тармақ 22
22. Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 23
23. Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 25
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. «Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. «Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствалық қарамағында ұйымдар мен аумақтық органдар және мемлекеттік мекемелер жоқ.
Басқа 491. "Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жетісай ауданы әкімдігінің "___" _______ 2026 жылғы №___ қаулысына 7-қосымша "Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі) өз өкілеттіктері шегінде Жетісай ауданының аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. 160500, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Абай көшесі №69А.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімнің өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу; - Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес сотқа талап арызбен жүгіну; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақша 2
2) Міндеттері: - мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзеді; - жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады; - мемлекеттік орган қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді; - мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады; - мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен аудандық маслихаттың шешімдері мен қаулыларының жобаларын дайындауға қатысады; - Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылқтарды жою жөнінде шаралар қабылдау; - аудандық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу; - Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте соттарда құқықтар мен мүдделерді қорғауды ұйымдастыру және талап-тілек қызметін жүзеге асыру; - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) құрылыс жүргізу барысында заңдылықтар мен тиісті нормалардың сақталуына бақылау жасау;
Тармақша 2
2) құрылыс саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселесі бойынша жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, лицензиялау органдарымен өзара іс қимыл жасау;
Тармақша 3
3) жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар арқылы қаржыландырылған сараптама мен құрылысы аяқталған объектілердің қабылдау жұмыстарына қатысу;
Тармақша 4
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
Тармақша 5
5) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
Тармақша 6
6) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
Тармақша 8
8) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
Тармақша 10
10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру;
Тармақша 11
11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
Тармақша 12
12) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдауға ұсыныс беру;
Тармақша 13
13) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы шешім қабылдауға ұсыныс беру;
Тармақша 14
14) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 15
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік органға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бірінші басшысының өкілеттіліктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 549. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жетісай ауданы әкімдігінің «___» _______ 2026 жылғы №___ қаулысына 8 - қосымша «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша – Мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте мәдениет, тілдер, дене шынықтыру және спорт саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақша 2
2) «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақша 3
3) «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай аудандық ұлттық спорт клубы» комуналдық мемлекеттік мекемесі. 3.Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4.Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарына шоттары болады. 5.Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6.Мемлекеттік орган егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7.Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының актілермен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды. 8.Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 9.Заңды тұлғаның орналасқан жері:Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Жайшібеков Орамы көшесі №8 үй, Пошталық индексі 160500.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады. 11.Мемлекеттік орган қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 12.Мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұлғасында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Мемлекеттік орган заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері 13.Мақсаттары: Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамыту салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері: Құқықтары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізу:
Тармақша 2
2) ауданның атқарушы органдарының құжаттармен, ақпараттар, қажетті қызметтері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсініктемелер сұратуға:
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілрін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау:
Тармақша 4
4) аудандық әкімдіктің және маслихаттың мәжілістеріне, аудандық аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу: Міндеттері:
Тармақша 1
1) өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпарттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Бөлім құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады:
Тармақша 2
2) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамыту салаларында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніне аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, бөліме қатысты мәселелер бойынша ақпараттың талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады:
Тармақша 3
3) бөлімнің қызмет саласына қатысты мәселер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады:
Тармақша 4
4) аудандық деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады:
Тармақша 5
5) бөлім құзырына кіретін мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамытуда азаматтардың құқықтардың сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді:
Тармақша 6
6) бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді.
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады:
Тармақ 15
15. Фунциялары:
Тармақша 1
1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзірлейді және іске асырады:
Тармақша 2
2) спорт түрлері бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткізеді:
Тармақша 3
3) спорттың әр түрі бойынша аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуін қамтамасыз етеді:
Тармақша 4
4) тиісті әкімшілік-аумақтың бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытады:
Тармақша 5
5) аудандық мамандандырылған оқу-спорт мекемелерінің қызметін үйлестіреді:
Тармақша 6
6) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды береді: жасөспірімдер арасындағы екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші разрядтар,біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жақтықтырушы,біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдістер, спорт төрешісі.
Тармақша 7
7) аудандық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және іске асырады:
Тармақша 8
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді:
Тармақша 9
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді:
Тармақша 10
10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша дене шынықтыру ме спортты дамыту туралы мәліметтерді талдап,облыстық атқарушы органға табыс етеді:
Тармақша 11
11) аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері үшін консультациялар мен семинарлар өткізеді және әдістемелік материалдар , ұйымдар даярлауды ұйымдастырады:
Тармақша 12
12) «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады:
Тармақша 13
13) мәдениет, тілдерді дамыту саласындағы Жетісай ауданы әкімдігінің консультативтік-кеңесі органдарының қызметін қамтамасыз етеді:
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді:
Тармақша 15
15) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады:
Тармақша 16
16) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалануы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады:
Тармақша 17
17) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады:
Тармақша 18
18) ауданның мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарын аттесттаттаудан өткізеді:
Тармақша 19
19) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады:
Тармақша 20
20) ауданның мәдени мақсаттағы обьектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады:
Тармақша 21
21) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді:
Тармақша 22
22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддсінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады:
Тармақша 23
23) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 729-бабы, 2-1 тармағында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мен іс-қағаздарын жүргізеді;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен маңдайшаларды орналастыру туралы ұсыныстарға келісу немесе уәжді ескерту береді;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлғалардың барлық құқытарын пайдаланады;
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;
Тармақша 2
2) бөлімнің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің Ережесінде айқындалатын өз құзіретіне сәйкес дербес шешеді;
Тармақша 3
3) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
Тармақша 5
5) шарттар жасасады;
Тармақша 6
6) сенімхаттар береді;
Тармақша 7
7) бөлімнің іс сапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) банк шоттарын ашады;
Тармақша 9
9) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 10
10) бөлімнің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 11
11) бөлімнің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
Тармақша 12
12) бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
Тармақша 13
13) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және жергілікті атқару органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады; «Жетісай ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Мемлекеттік орган заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жетісай ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
Тармақ 1
1. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 3
3. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 4
4. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 5
5. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай аудандық ұлттық спорт клубы» комуналдық мемлекеттік мекемесі.