Об утверждении правил формирования и формы реестра эпидемически значимых субъектов (объектов) в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения Қолданыста
Басқа 0
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімін қалыптастыру қағидалары мен нысанын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 36-бабының 3-2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімін қалыптастыру қағидалары;
Тармақша 2
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілер (объектілер) тізілімінің нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімін қалыптастыру қағидалары
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 6 наурыздағы
№ 28
бұйрығымен бекітілген
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімін қалыптастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 36-бабының 3-2-тармағына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Тізілімді қалыптастыру мен жүргізудің мақсаттары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілер (объектілер) (бұдан әрі – бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері)) туралы мәліметтерді есепке алу және жүйелеу болып табылады.
Тармақ 3
3. Тізілімді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) осы бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында эпидемиялық мәні бар субъектілер (объектілер) тізілімінің нысаны бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық форматта қалыптастырады және жүргізеді.
Тармақ 4
4. Тізілімде бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21710 болып тіркелген) бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесіне сәйкес бақылау және қадағалау объектілерінде жүзеге асырылатын қызмет түрлері бойынша бөлініп айқындалады.
Тармақ 5
5. Қалыптастырылған Тізілімдер туралы, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәліметтер мен деректер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі
2-тарау. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 6
6. Тізілім мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізілімінен, мемлекеттік бақылау және (немесе) қадағалау нәтижелерінен, есепке алу және есептік құжаттама мониторингінің, жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштерінің, масс-медиадан алынған мәліметтердің, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың ақпаратының негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 7
7. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді:
Тармақша 1
1) Тізілімге енгізуге немесе Тізілімнен алып тастауға жататын бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындауды;
Тармақша 2
2) Тізілімнің мазмұнын өзектендіруді (жаңартуды) қамтиды.
Тармақ 8
8. Тізілімді өзектендіру (жаңарту) шеңберінде бақылау және қадағалау субъектілерін енгізу (алып тастау) жарты жылда бір реттен сиретпей жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілері Тізілімде ерекше бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) ретінде белгіленеді. Ерекше бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Ерекше бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау тәртібі
3-тарау. Ерекше бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау тәртібі
Тармақ 10
10. Ерекше бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін аумақтық бөлімше мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) 1 мамырға және 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде орталық мемлекеттік органдарға және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тиісті күнтізбелік жылға балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды алғаны туралы деректер мен мәліметтер беру туралы сұрау салуды жіберу;
Тармақша 2
2) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды бөлуге қатысты мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің мәліметтері мен деректерін талдау.
Тармақ 11
11. Осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сұрау салулар міндетті түрде білім беру, денсаулық сақтау, туристік қызмет, мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларындағы, сондай-ақ еңбек жөніндегі уәкілетті органдарға жіберіледі.
Тармақ 12
12. Кодекстің 51-2-бабының 2-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік органдар және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары сұрау салуда көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қажетті ақпаратты ұсынады.
Тармақ 13
13. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектісіне) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру ақпарат ұсыну мерзімінен кешірек бөлінген жағдайда қаржыны бөлу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орталық мемлекеттік органдар және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары ақпаратты сұратуды күтпей аумақтық бөлімшелерге тиісті ақпаратты қосымша жібереді.
Тармақ 14
14. Алынған ақпараттың, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің мәліметтері мен деректерін талдау нәтижелерінің негізінде аумақтық бөлімшенің қызметкерлері аумақтық бөлімше басшысы (немесе оның міндеттін атқарушы адам) мақұлдаған қызметтік жазбаның негізінде Тізілімге ерекше бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) ретінде белгі қояды/белгіні алып тастайды.
Тармақ 15
15. Ерекше бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) туралы мәліметтерді өзектендіру (жаңарту) ақпарат алынған және мониторинг нәтижелері бойынша мәліметтер мен деректер анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Басқа 1. Субъектінің балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге,
білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру
алғаны туралы деректер мен мәліметтер
Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы эпидемиялық
мәні бар субъектілердің
(объектілердің) тізілімін
қалыптастыру қағидаларына
қосымша
нысан
Субъектінің балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге,
білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру
алғаны туралы деректер мен мәліметтер
№
Субъектінің атауы
Объектінің атауы
ЖСН/БСН
Субъектінің (объектінің) заңды және нақты мекенжайлары, телефон нөмірі, электрондық поштасы
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру бөлінген қызмет түрі, бюджет деңгейін көрсете отырып қаржыландыру сомасы
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру бөлу туралы шартты жасасу және оның қолданылу мерзімдері
1
2
3
4
5
6
7
8
Эпидемиялық мәні бар объектіде жүзеге асырылатын қызмет
Басқа 2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімі
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 6 наурыздағы
№ 28
бұйрығымен бекітілген
нысан
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімі
№
БСН/ЖСН
Ұйымдық-құқықтық нысан
Субъектінің атауы
Басшының ТАӘ
Заңды мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты
Объектінің атауы
1
2
3
4
5
6
7
8
Эпидемиялық мәні бар объектіде жүзеге асырылатын қызмет
кестенің жалғасы
9
10
11
12
13
14
15
Объектінің нақты мекенжайы
ЭҚЖЖ
Қызмет түрлері
Рұқсаттар/хабарламалар
Жұмыс істеп жүргендердің барлығы/ оның ішінде әйелдер
Оның ішінде зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер/ оның ішінде әйелдер
Ерекше бақылау мен қадағалау объектісі