О предоставлении льгот на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям нуждающихся граждан города Қонаев Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қонаев қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Ресупбликасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 31-бабының 2-тармағына сәйкес Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Қонаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қонаев қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалаішілік қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға;
Тармақша 2
2) екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
Тармақша 3
3) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға.
Тармақ 2
2. Қонаев қаласының әкімдігі әлеуметтік мәні бар маршруттарға қызмет көрсетуге және жеңілдік берілген жолаушылар санаттарын тасымалдауға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын өтеуді қарастырсын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Қонаев қаласы мәслихатының шешімі және Қонаев қаласы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Қонаев қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен Қонаев қаласы мәслихатының шешімі және Қонаев қаласы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.