О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 248 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4395 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 248 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 103 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4609 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.