О внесении изменений в положение государственного учреждения «Атырауский городской отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта» Қолданыста
Басқа 0
«Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 124-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын және бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Атырау қалалық әкімдігінің
2026 жылғы «19» ақпандағы
№ 325 қаулысына қосымша
Атырау қалалық әкімдігінің
2020 жылғы «15» қазандағы
№ 2234 қаулысымен бекітілген
«Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Атырау қаласы аумағында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Мекеменің атауы: «Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Тармақ 10
10. Бөлімнің орналасқан жері: Атырау қаласы, С.Сәуірғалиев көшесі, №1 құрылыс, пошталық индексі – 060003.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы – «Атырау қалалық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Мекеменің басқару органы – «Атырау қалалық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 12
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Атырау қаласы аумағында мәдениет саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру және мемлекеттік саясаятты іске асыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту;
Тармақша 3
3) Атырау қаласы аумағында дене шынықтыру және спортты дамыту мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыру;
Тармақ 15
15. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
қолданыстағы заң актілерінде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.
өзінің құзіреті жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
Бөлімге берiлген құқықтар шегiнде және осы Ережеге сәйкес өзінің өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың Бөлімнің өкiлеттiгi шегiнде шығарылған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
Тармақ 16
16. Бөлімнің функциялары:
Тармақша 1
1) Бөлім қызметінің бағыттары бойынша оның жұмыс өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) тиісті саладағы коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекiтедi;
Тармақша 4
4) тиісті саладағы коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның филиалдар мен өкiлдiктер құруына келiсiм бередi;
Тармақша 5
5) құрылтайшымен келiсiм бойынша коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру, даярлау және қайта даярлау, семинарларды, басқа да оқыту түрлерін және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мамандарының тәжiрибе алмасуын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) мәдениет, дене шынықтыру және спорт объектілерінің материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
Тармақша 8
8) мүдделі ведомстволық ұйымдармен бірлесіп іс-шаралар ұйымдастырып, өткізу;
Тармақша 9
9) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларын дамытудың өңірлік бағдарламаларын дайындауға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 10
10) бағынысты мәдениет және спорт мекемелерінің қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 11
11) қалалық мәдени, спорттық көпшілік іс-шаралардың жұмыс жоспарын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) ұлттық, мемлекеттік, мерейтойлық және кәсіби мерекелерді өткізу бойынша бұқаралық шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) мәдениет және спорт мекемелерінің штаттық кестесін бекітеді;
Тармақша 14
14) мәдениет үйлеріндегі көркемөнерпаздар, халықтық ұжымдар және үйірмелер шығармашылығының дамуына ықпал етеді;
Тармақша 15
15) бөлімге қарасты мекемелердің басшысын тағайындау және жұмыстан босату, сондай-ақ аттестаттау жұмыстарын ұйымдастырады;
Тармақша 16
16) Тарих және мәдениет ескерткіштерінің бүлінуін, бұзылу қатерін жою туралы хабар береді және тарихи-мәдени мұра объектілерін жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдар мен кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 18
18) маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) құрамдас бөліктерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 20
20) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 21
21) қала бойынша орнатылатын жарнама мен көрнекі ақпараттың Тіл туралы заңнамаға сәйкестігі бойынша консультациялық жұмыстар жүргізу және келісім беру;
Тармақша 22
22) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша қалалық спорттық жарыстарды өткізеді;
Тармақша 23
23) спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 24
24) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 25
25) спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру және олардан айыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 26
26) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;
Тармақша 27
27) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларына ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 28
28) спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, спорттық мекемелердің қызметкерлерін, бапкерлер құрамын спорттық медальдармен, белгілермен, дипломдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттау мәселелерін белгіленген тәртіп бойынша шешеді;
Тармақша 29
29) бюджетті нақтылау, түзету, бекіту кезінде қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларының жобасын және бюджеттік өтініштер ұсыну;
Тармақша 30
30) бөлім бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 31
31) бөлімге қарасты мекемелерден қаржылық есептілікті қабылдау, шоғырландыру, тексеру және талдау жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 32
32) бөлімге қарасты мекемелердің мүлкін есептен шығаруға келісім береді;
Тармақша 33
33) мәдениет және спорт мекемелерінің қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, оларға құрметті және өзге де атақтар беру туралы қала әкіміне, сала басқармаларына ұсыныс енгізу;
Тармақша 34
34) соттарда, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіру;
Тармақша 35
35) қала әкімдігі қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 36
36) бөлімнің іс-қағаздарын жүргізу және бөлімге түсетін хат-хабарларды өңдеу;
Тармақша 37
37) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау;
Тармақша 38
38) «қызмет бабында пайдалану үшін» грифімен келген құжаттармен іс жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 39
39) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімнің жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 18
18. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 19
19. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 20
20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) Заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін, бөлімге қарасты мекемелердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 4
4) өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзіретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 5
5) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 6
6) бөлімнің жұмыс регламентін және штаттық кестесін бекітеді;
Тармақша 7
7) өз құзіреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақша 8
8) бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Жұмыс режимі
4-тарау. Жұмыс режимі
Тармақ 21
21. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
5-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
Тармақ 22
22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 6. 6-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
6-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
Тармақша 1
1) «Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) «Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Бұқаралық спортты дамыту спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.