Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера объектового масштаба Күшін жойған
Басқа 0
Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, «Aзаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы» № 240 бұйрығына, Қарасу ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 1 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимараты (Қарасу ауданы, Қарасу ауылдық округі, Қарасу ауылы, Рамазанов көшесі, 2-үй мекенжайы бойынша орналасқан) объектідегі объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып өзімді тағайындаймын.
Тармақ 3
3. «Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 6 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратылады.