Об утверждении Правил организации работы органов внутренних дел по участию в природоохранных мероприятиях Қолданыста
Басқа 0
Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ережесінің 15-тармағының 50) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліліп отырған Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) қол қойылған күннен кейін бес жұмыс күн ішінде осы бұйрықтың электрондық көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер
органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2026 жылғы 4 наурыздағы
№ 160 бұйрығымен
бекітілген
Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер
органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар ішкі істер органдарының табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуы бойынша қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органының жұмысын ұйымдастыру бойынша жалпы басшылық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және көліктегі полиция департаменттерінің (бұдан әрі – (К)ПД), қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың, көліктегі полиция органдарының (бұдан әрі – (К)ҚАПО) бірінші басшыларына жүктеледі.
Тармақ 3
3. Табиғатты қорғау іс-шараларына табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің қатысуы бойынша жұмысты ұйымдастыруды (К)ПД бастығының Қоғамдық қауіпсіздік басқармасына (бұдан әрі – ҚҚБ) жетекшілік ететін орынбасарлары, ҚҚБ бастықтары, ҚҚБ бастығының табиғатты қорғау полициясы бөлінісіне жетекшілік ететін орынбасарлары;
(К)ҚАПО-да (К)ҚАПО бастықтарының қоғамдық қауіпсіздік бөліміне (бұдан әрі – ҚҚб) (бөлімше, топқа) жетекшілік ететін орынбасарлары, ҚҚб бастықтары, ҚҚб бастығының табиғатты қорғау бөлінісіне жетекшілік ететін орынбасарлары жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Табиғатты қорғау іс-шараларын үйлестіру мен бақылаудың бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) Әкімшілік полиция комитетінің (бұдан әрі – ӘПК), (К)ПД және (К)ҚАПО, табиғатты қорғау полициясы бөліністері құрайды.
Тарау 2. 2-тарау. Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер
органдарының негізгі міндеттері, функциялары және құзыреті
2-тарау. Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер
органдарының негізгі міндеттері, функциялары және құзыреті
Тармақ 5
5. Ішкі істер органдары құзыреті шегінде мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаны табиғи ресурстарды қорғау, сондай-ақ күзету, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға табиғатты қорғау заңнамасы бұзушылықтарының алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) дербес рейдтік іс-шаралар жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау арқылы экологиялық құқық бұзушылық профилактикасы, анықтау және жолын кесу.
Тармақ 6
6. Ішкі істер органдары құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) реттелетін салаларда заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ішкі істер органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, басқа да құқық қорғау органдарымен экологиялық құқық бұзушылық профилактикасы, анықтау, жолын кесу, ашу және сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бағытталған бірлескен іс-шараларға қатысу бойынша өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастырады.
Тармақ 7
7. Ішкі істер органдарының құзыреті:
Тармақша 1
1) ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тергеуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) экологиялық құқық бұзушылық профилактикасы және анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Табиғатты қорғау іс-шараларына ішкі істер органдарының қатысуы бойынша міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру қоғамдық қауіпсіздік қызметінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлеріне жүктеледі.
Штаттық бірлік болмаған жағдайда немесе ол бар болғанымен бос орын болған кезде осы бағыттағы міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің полиция қызметкеріне жүктеледі, бұл оның лауазымдық нұсқаулығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады және оларды аумақтық ішкі істер органының бастығы бекітеді.
Тарау 3. 3-тарау. Табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 9
9. Табиғатты қорғау полициясының бөліністері өз қызметінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және реттелетін салаларда халықаралық актілерді басшылыққа алады.
Тармақ 10
10. Табиғатты қорғау полициясының бөліністері ішкі істер органдарының басқа да қызметтерімен, уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасаса отырып, міндеттерін орындайды.
Тармақ 11
11. Өз құзыреті шегінде табиғатты қорғау полициясының бөлімшелері табиғатты қорғау іс-шараларын ұйымдастырады және оларға қатысады, олардың шеңберінде:
Тармақша 1
1) ішкі істер органдарының басқа да бөлімшелерімен және қызметтерімен бірлесіп, бұйрықтар жобаларын, әдістемелік ұсынымдарды, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және құқық бұзушылық профилактикасына бағытталған практикалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды әзірлейді;
Тармақша 2
2) экологиялық құқық бұзушылықтар саласындағы қылмыстың жай-күйі туралы мәліметтерді тұрақты негізде талдауды жүзеге асырады, нәтижелері бойынша оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 3
3) табиғатты қорғау іс-шаралары шеңберінде ішкі істер органдарының тергеу, анықтау және криминалдық полиция бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғаларда жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға берілген лицензиялардың, жолдамалардың, азаматтық және қызметтік қаруды сақтау, сақтау және алып жүруге арналған рұқсаттардың, сондай-ақ реттелетін салаларда салалардағы заңнама талаптарының сақталуын тексеру үшін қажетті өзге де құжаттардың бар-жоғын және олардың дұрыстығын тексереді және айқындайды;
Тармақша 5
5) іс жүргізуде табылған материалдар мен істер бойынша жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін түсініктемелер мен айғақтарды, құжаттарды және олардың көшірмелерін алу үшін ішкі істер органдарына шақырады;
Тармақша 6
6) табиғатты қорғау заңнамасы бұзушылықтарының профилактикасы және оларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізеді;
Тармақша 7
7) іс бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін қолданыстағы заңнама шеңберінде құқық бұзушылық құралдарын тәркілейді.
Тармақ 12
12. Қызметті жүзеге асыру барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ІІМ-нің және басқа да мемлекеттік органдардың мынадай цифрлық жүйелерін пайдаланады:
Қазақстан Республикасы ІІМ БДБ қашықтықтан қол жеткізу кіші жүйесі (WEB-интерфейс);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқық қорғау және арнаулы органдарының ақпарат алмасу жүйесі (ҚАО ААЖ);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қылмыстық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің талдау орталығы;
әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі (ӘІБТ);
мемлекеттік органдардың интранет-порталы (МОИП);
«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы;
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы;
«Бұлтты құжат айналымы» цифрлық жүйесі (БҚА АЖ).
Тармақ 13
13. Табиғатты қорғау полициясының қызметкеріне ішкі істер органы ғимаратында телефон байланысымен жабдықталған жеке қызметтік үй-жай бөлінеді.
Тармақ 14
14. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері осы Қағидаларында 12-тармақта көрсетілген цифрлық жүйелерге қолжетімділікпен және қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуі бар дербес компьютерлік техникамен, принтермен, сканермен, планшетпен, бейнетіркегішпен, байланыс құралдарымен, пилотсыз ұшу аппаратымен және қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етіледі.
Өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, сондай-ақ қайықтармен, катерлермен, қарда жүретін көліктермен, квадроциклдермен және өтімділігі жоғары автокөлік құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 15
15. Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерінің қызметтік үй-жайда жұмыс уақытында ұзақ уақыт бойы болмауына табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды және жергілікті-рейдтік пысықтауларды жүргізу кезінде жол беріледі.
Тармақ 16
16. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері реттелетін салалардағы іс-шараларды қоспағанда, кезекшіліктен (нарядтардан), сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шараларға қатысудан босатылады.
Тармақ 17
17. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жұмыс уақытында «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасын, айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 707 бұйрығымен бекітілген күнделікті нысанды киімді де, арнайы нысанды киімді де (камуфляж үлгісі) киеді.
Тармақ 18
18. Табиғатты қорғау полициясы бөліністері қызметінің нәтижелері (К)ПД, (К)ҚАПО басшылығы жанындағы жедел кеңестерде қаралады.
Тармақ 19
19. Табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің жеке құрамы, көлік және өзге де техникалық құралдары тек тікелей мақсаты бойынша пайдаланылады.
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 17) тармақшасында және 17-бабының 2-тармағында көзделген жекелеген жағдайларда ІІМ мен (К)ПД басшылығының өкімі бойынша осы қызметтің күштері мен құралдары жаппай іс-шараларды өткізу және төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тартылады.
Тарау 4. 4-тарау. ІІМ ӘПК табиғатты қорғау полициясы тобының жұмысын ұйымдастыру
4-тарау. ІІМ ӘПК табиғатты қорғау полициясы тобының жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 20
20. ІІМ ӘПК табиғатты қорғау полициясының тобы жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде ішкі істер органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, басқа да құқық қорғау органдарымен реттелетін салаларда заңнама бұзушылықтарының профилактикасына және оларды анықтауға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастырады:
Тармақша 1
1) ІІМ Алқаларының, жедел кеңестерінің шешімдерін, ІІМ нұсқауларын орындау, табиғатты қорғау іс-шараларын өткізу және қатысу мәселелері бойынша (К)ПД, (К)ҚАПО табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің қызметіне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) (К)ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) ІІМ жұмыс жоспарларына сәйкес немесе жұмыстағы кемшіліктерге ден қою тәртібінде (К)ПД, (К)ҚАПО табиғатты қорғау полициясы бөлімшелеріне инспекциялау және мақсатты тексерулер жүргізеді.
Тексерулер өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, (К)ПД, (К)ҚАПО табиғатты қорғау полициясы бөліністері қызметінің жай-күйін талдау негізінде жүзеге асырылады.
Тексеру барысында, оның ішінде бөлімшелердің қызметін жетілдіру бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі;
Тармақша 4
4) экологиялық құқық бұзушылық саласындағы қылмыстың жай-күйін, есептік деректерге негізделген бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін, инспекциялау материалдарын, табиғатты қорғау іс-шараларын талдау негізінде табиғатты қорғау полициясы желісі бойынша ӘПК-нің тоқсан сайынғы жұмыс жоспарларына ұсыныстар әзірлейді.
Жоспарларға сәйкес реттелетін салаларда бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жүргізіледі, табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің жұмысындағы кемшіліктерді жою бойынша шешімдер мен практикалық шараларды уақтылы қабылдау қамтамасыз етіледі;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының және халықаралық нормативтік құқықтық актілеріне табиғатты қорғау полициясы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Тарау 5. 5- тарау. ҚҚБ (К)ПД табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің
жұмысын ұйымдастыру
5- тарау. ҚҚБ (К)ПД табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің
жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 21
21. (К)ПД жұмысты ұйымдастыру ҚҚБ құрамындағы табиғатты қорғау полициясының бөлімшелеріне (бөлімдерге, бөлімшелерге және топтарға) жүктеледі.
Тармақ 22
22. (К)ПД ҚҚБ табиғатты қорғау полициясының бөлімшелері қызметтік іс-шараларды жүзеге асыру процесінде:
Тармақша 1
1) (К)ҚАПО табиғатты қорғау полициясының жұмысын, сондай-ақ олар кең ауқымды табиғатты қорғау іс-шараларына тартылған жағдайда (К)ПД аппаратының, (К)ҚАПО ішкі істер органдары қызметтерінің жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) (К)ПД табиғатты қорғау полициясының бөлімшелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әрбір (К)ҚАПО бойынша ақпараттық-аналитикалық папка жүргізеді, онда табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері туралы ақпарат, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, реттелетін салаларда заңнаманы бұзушылықтарға қарсы күреске қатысу жөніндегі қызмет нәтижелері, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың талдауы, сондай-ақ табиғатты пайдалану объектілері туралы мәліметтер қамтылады;
Тармақша 3
3) табиғатты қорғау іс-шаралары бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасасу жоспарларын әзірлеуге, көрсетілген жоспарларға сәйкес жоспарланған іс-шараларға қатысады;
Тармақша 4
4) реттелетін салаларда заңнама талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына бағытталған өңірлік жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) (К)ҚАПО ҚҚб табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің қызметіне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) (К)ҚАПО ҚҚб табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 7
7) экологиялық құқық бұзушылықтар саласындағы қылмыстың жай-күйі туралы ақпаратты тұрақты негізде талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) (К)ПД жұмыс жоспарларына сәйкес немесе жұмыстағы кемшіліктерге ден қою тәртібінде (К)ҚАПО табиғатты қорғау полициясы бөлімшелеріне инспекциялау және мақсатты тексерулер жүргізеді.
Тексерулер өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, (К)ҚАПО табиғатты қорғау полициясы бөлімшелері қызметінің жай-күйін жан-жақты талдау негізінде жүзеге асырылады.
Тексерулер барысында, оның ішінде бөлімшелер қызметін жетілдіру мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі;
Тармақша 9
9) экологиялық құқық бұзушылықтар саласындағы қылмыстың жай-күйіне кешенді талдау, есептік деректерге негізделген бөлімшелер жұмысының нәтижелері, инспекциялау және тексеру материалдары негізінде тоқсан сайынғы жұмыс жоспарлары әзірленеді.
Жоспарларға сәйкес реттелетін салаларда құқық бұзушылық профилактикасына, бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар өткізіледі, табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің жұмысындағы кемшіліктерді жою бойынша шешімдер мен практикалық шаралардың уақтылы қабылдануы қамтамасыз етіледі;
Тармақша 10
10) табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар және (К)ҚАПО нәтижелері туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) табиғатты қорғау заңнамасы саласында жасалған әрбір қылмыс фактісі бойынша бір тәулік ішінде ІІМ ӘПК-ге ақпарат жолдайды, ақпаратты уақтылы ұсынуды бақылау (К)ПД ҚҚБ басшылығына жүктеледі.
Тармақ 23
23. (К)ПД ҚҚБ табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің аға қызметкерлерін тағайындау олар Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК-ге он күндік тренингтен өтіп, реттелетін салаларға қатысты нормативтік құқықтық актілерді зерттегеннен кейін жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6- тарау. (К)ҚАПО табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің
жұмысын ұйымдастыру
6- тарау. (К)ҚАПО табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің
жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 24
24. (К)ҚАПО-дағы жұмысты ұйымдастыру қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің құрамындағы табиғатты қорғау полициясының бөлімшелеріне (бөлімдерге, бөлімшелерге және топтарға) жүктеледі.
Тармақ 25
25. (К)ҚАПО ҚҚб табиғатты қорғау полициясы бөлімшелері қызметтік қызметті жүзеге асыру процесінде:
Тармақша 1
1) өз әкімшілік учаскесінде ауқымды табиғатты қорғау іс-шараларына тартылған жағдайда ішкі істер органдары қызметтерінің (К)ҚАПО жұмысын ұйымдастырады.
(К)ҚАПО ҚҚб табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің аға қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ішкі істер органы аумағындағы орман шаруашылығы субъектілері (орман пайдаланушылар, ағаш өңдеу цехтары), жануарлар дүниесі объектілері (аңшылық шаруашылықтар, ұлттық парктер, қорықтар, резерваттар және т.б.), балық шаруашылығы объектілері (балық шаруашылығы су айдындары, жеке және заңды тұлғалардың жалдауындағы су айдындары және т.б.), сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар бойынша электрондық түрде тізімдік есеп жүргізеді;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғалардың реттелетін салаларда заңнама талаптарын сақтауына бағытталған жергілікті жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) экологиялық құқық бұзушылықтар саласындағы қылмыстың жай-күйі туралы ақпаратты тұрақты негізде талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) экологиялық құқық бұзушылықтар саласындағы қылмыстың жай-күйіне кешенді талдау, есептік деректерге негізделген бөлімше жұмысының нәтижелері, тексерулер негізінде (К)ҚАПО-ның ҚҚб тоқсан сайынғы жұмыс жоспарларына ұсыныстар әзірлейді.
Жоспарларға сәйкес реттелетін салаларда құқық бұзушылық профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жүргізіледі, табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің жұмысындағы кемшіліктерді жою бойынша шешімдер мен практикалық шаралардың уақтылы қабылдануы қамтамасыз етіледі;
Тармақша 5
5) реттелетін салаларда заңнама бұзушылықтарына қарсы күреске қатысу бойынша (К)ҚАПО қызметінің нәтижелері туралы ақпарат есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-не дейін тоқсан сайын (К)ПД ҚҚБ ұсынылады;
Тармақша 6
6) табиғатты қорғау заңнамасы бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар және (К)ҚАПО қызметінің нәтижелері туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) табиғатты қорғау заңнамасы саласында жасалған әрбір қылмыс фактісі бойынша бір тәулік ішінде (К)ПД-ге ақпарат жолдайды, ақпаратты уақтылы ұсынуды бақылау табиғатты қорғау полициясы бөлімшесіне жетекшілік ететін (К)ҚАПО бастығының орынбасарына жүктеледі.
Тармақ 26
26. (К)ҚАПО табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің аға қызметкерлерін тағайындау олар (К)ПД ҚҚБ он күндік тренингтен өтіп, реттелетін салаларға қатысты нормативтік құқықтық актілерді зерттегеннен кейін жүзеге асырылады.
Басқа 1. _____________________________________________________________________
(iшкi iстер органының атауы)
Табиғатты қорғау іс-шараларына
қатысу бойынша ішкі істер
органдарының жұмысын
ұйымдастыру туралы
қағидаларға 1-қосымша
нысан
_____________________________________________________________________
(iшкi iстер органының атауы)
Ақпараттық-аналитикалық папкасы
_____________________басталды
(жылы, айы, күнi)
_____________________аяқталды
(жылы, айы, күнi)
Басқа 2. _____________________________________________________________________
(iшкi iстер органының атауы)
Табиғатты қорғау іс-шараларына
қатысу бойынша ішкі істер
органдарының жұмысын
ұйымдастыру туралы
қағидаларға 2-қосымша
нысан
_____________________________________________________________________
(iшкi iстер органының атауы)
_____________________басталды
(жылы, айы, күнi)
_____________________аяқталды
(жылы, айы, күнi)
ішке жағы
№
р/с
Субъектінің атауы
Басшысы туралы мәліметтер
Штаттық саны
Рұқсат беру, құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары туралы ақпарат
Аумақтың алаңы
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7