О внесении изменений в некоторые приказы Қолданыста
Басқа 0
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Петицияны қарау нәтижелері бойынша шешім нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 469-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33690 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Петицияны қарау нәтижелері бойынша шешім нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 470-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33693 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы арыз нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Басқа 1. Петицияны қарау нәтижелері бойынша шешім
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 10 наурыздағы
№ 100-НҚ бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрінің
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 469-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Петицияны қарау нәтижелері бойынша шешім
Тармақ 1
1. Петицияның тіркеу нөмірі:____________
Тармақ 2
2. Петицияны қараған орталық мемлекеттік органның, жергілікті өкілді және (немесе) атқарушы органның атауы: ____________
Тармақ 3
3. Жергілікті жерге баруды жүзеге асыру нәтижелері бойынша ақпарат (петицияда жазылған фактілерді тексеру үшін шыққан жағдайда): ____________
Тармақ 4
4. Шешім жобасын жария талқылауды өткізу нәтижелері бойынша ақпарат: ____________
Тармақ 5
5. Комиссия/жұмыс тобы жұмысының нәтижелері туралы ақпарат: ____________
Тармақ 6
6. Келіп түскен түсініктемелерді, сондай-ақ петиция нысанасы бойынша экономикалық, әлеуметтік, статистикалық және өзге де қажетті ақпаратты талдау нәтижелері бойынша ақпарат: ____________
Тармақ 7
7. Халықаралық тәжірибені зерделеу және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат (егер петиция Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізуді талап еткен жағдайда): ____________
Тармақ 8
8. Қабылданған шешімнің түрі (толық қанағаттандыру туралы, ішінара қанағаттандыру туралы, қанағаттандырудан бас тарту туралы): ____________
Тармақ 9
9. Петиция бойынша дәлелді шешім: ____________
Тармақ 10
10. Қабылданған шешімге шағымдану құқығын түсіндіру: ____________
Басқа 2. Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы арыз
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 10 наурыздағы
№ 100-НҚ бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрінің
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 470-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Кімге____________________________,
(мемлекет пен азаматтық қоғамның
өзара іс-қимылы саласындағы
уәкілетті органның атауы)
Кімнен__________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
ЖСН:____________________________
(нөмірді көрсету)
Нақты тұрғылықты мекен-жайы:
__________________________
(нақты тұрғылықты мекен-
жайын көрсету)
Тіркелген жерінің мекен-жайы:
________________________________
(тіркеу орнының мекен-
жайын көрсету)
Байланыс телефоны:______________
(телефон нөмірін көрсету)
Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы арыз
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы,_____________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), интернет-ресурста __________________________ (орталық мемлекеттік органның, жергілікті өкілді және (немесе) атқарушы органның атауы) атына жіберілетін мынадай мазмұн мен нысанасындағы петицияны орналастыруды сұраймын: «__________________________________________________________________________________________» (петицияның нысанасы бойынша дәлелдер және ұсыныстармен қоса),
Петицияға мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке куәліктің көшірмесі;
2) өкілдің тиісті өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (егер петицияны петиция берушінің өкілі берсе);
3) петицияға қатысты растайтын құжаттар және (немесе) өзге де материалдар (қажет болған жағдайда).
Осымен мен ұсынатын (толтырылған) ақпараттың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты екенімді растаймын.
Дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісемін:
_____________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылы «__» __________