Об определении предельного размера стоимости контрольного (идентификационного) знака, средства идентификации, применяемых в маркировке дериватов сайгака (рогов) Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Киіктердің дериваттарын (мүйіздерін) таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісінің, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Киіктердің дериваттарын (мүйіздерін) таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісінің, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшері қосылған құн салығынсыз бірлігіне 911 (тоғыз жүз он бір) теңге мөлшерінде айқындалсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикаcы Сауда және интеграция министрлігі