Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып,тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 1-тармақта туындаған құқықтық қатынастар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Басқа 8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Абай облысы әкімдігінің 2026 жылғы «10» наурыздағы № 43 қаулысына 1-қосымша Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Р/с № Аймақтың атауы Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері Елді мекен Тәрбиелен-ушілер саны Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) 10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар 9 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар 10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары 1. Абай ауданы ауыл 807 67 251 2. Аягөз ауданы ауыл 697 67 024 қала 2 353 60 600 3. Бесқарағай ауданы ауыл 153 67 251 4. Бородулиха ауданы ауыл 631 67 024 5. Жарма ауданы ауыл 855 67 024 6. Жаңасемей ауданы ауыл 95 67 024 7. Көкпекті ауданы ауыл 624 66 797 8. Курчатов қаласы қала 590 60 600 9. Семей қаласы қала 12 183 60 600 Семей қаласы түзету тобы қала 242 107 950 10. Ақсуат ауданы ауыл 748 66 797 11. Үржар ауданы ауыл 376 66 797 12. Мақаншы ауданы ауыл 292 66 797 Барлығы 20 646
Басқа 9. 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Абай облысы әкімдігінің 2026 жылғы «10» наурыздағы № 43 қаулысына 2-қосымша 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері Р/с № Аймақтың атауы Айына ата-ананың ақы төлем мөлшері (теңге) Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері Тәрбиеленушілер саны Балабақша / балабақша (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап) Балалардың толық күн болатын шағын орталығы (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап) 11. Абай ауданы 807 3 жасқа дейін-14000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -15000 3 жасқа дейін-14000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін-15000 2. Ақсуат ауданы 748 3 жасқа дейін-19500, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -22000 3 жасқа дейін-19500, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -22000 3. Аягөз ауданы 3050 3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -22000 3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін-22000 4 4. Бесқарағай ауданы 153 3 жасқа дейін-15000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -17000 3 жасқа дейін-15000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін-17000 5. Бородулиха ауданы 631 3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -19000 3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -19000 6. Жарма ауданы 855 3 жасқа дейін-17000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -19000 3 жасқа дейін-17000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін-19000 7. Жаңасемей ауданы 95 3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -19000 3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -19000 8. Көкпекті ауданы 624 3 жасқа дейін-160000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -19000 3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -19000 9. Курчатов қаласы 590 3 жасқа дейін-19500, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -23000 3 жасқа дейін-19500, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін-23000 10. Семей қаласы 12 425 3 жасқа дейін-22370, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -29438 3 жасқа дейін-22370, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін-29438 11. Үржар ауданы 376 3 жасқа дейін-15000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -20000 3 жасқа дейін-15000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін-20000 112. Мақаншы ауданы 292 3 жасқа дейін-12000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -16000 3 жасқа дейін-12000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін-16000 Барлығы 20 646