Об утверждении Правил использования зон режимных территорий и прилегающих к ним территорий Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Режимдік аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 89-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Режимдік аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Режимдік аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Режимдік аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Режимдік аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 89-бабының 2-тармағына, мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленді және режимдiк аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) күзетілетін объектілер – күзетілетін адамдардың болуына арналған ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен су айдыны;
Тармақша 2
2) қорғаныс объектілері – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығымен бекітіп берілген жылжымайтын мүлік;
Тармақша 3
3) мемлекеттік күзетілетін маңызды объектiлер – ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан күзететін объектілер;
Тармақша 4
4) режимдік аумақтардың аймақтары – елді мекендердің шегіндегі ерекше режим белгiленетiн әскери және басқа объектiлердi орналастыруға арналған аумақтар;
Тармақша 5
5) режимдік аумақтардың аймақтарына іргелес жатқан аумақтар – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес режимдік аумақтар аймақтарының шекарасымен тікелей түйісіп жатқан аумақтар.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың талаптары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың шекаралары шегіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілеріне қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Режимдік аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану тәртiбi
2-тарау. Режимдік аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану тәртiбi
Тармақ 4
4. Режимдік аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарда әскери және басқа да объектілерді орналастыруға арналған, заңнамада оларды пайдаланудың ерекше режимi мен тәртiбi белгiленген, шекараларына халықтың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндiруi мүмкiн арнайы мақсаттағы объектiлерден санитариялық қорғау аумақтары (аймақтары) енгізілген елді мекендер шегіндегі аумақтар кіреді.
Тармақ 5
5. Режимдік аумақтардың аймақтары қорғаныс, қорғалатын объектілерді және мемлекеттік қорғалатын маңызды объектілерді орналастыру үшін ерекше реттеудің және қала құрылысын регламенттеудің аумақтық объектілері болып табылады.
Тармақ 6
6. Елді мекендерде периметр бойынша 100 (бір жүз) метр, ал елді мекендерден тыс жерлерде аумақтың сыртқы шекараларынан 1 (бір) километр қашықтықпен шектелген аумақтар күзетілетін объектілерді орналастыруға арналған режимдiк аумақтардың аймақтары болып табылады.
Тармақ 7
7. Режимдік аумақтардың аймақтарына іргелес жатқан аумақтарда орналастырылатын жаңа объектілерді салған кезде арақашықтық, биіктік және қабат саны бойынша нормалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтерде айқындалады.
Тармақ 8
8. Режимдік аумақтардың (объектілердің) іргелес жатқан аймағында орналастырылатын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін құрылыс объектілерін жобалау және салу кезінде мынадай параметрлер сақталуы қажет: 500 метр радиуста – биіктігі 7 метрден аспайды; 1000 метр радиуста – биіктігі 16 метрден аспайды; 1500 метр радиуста биіктігі 28 метрден аспайды.
Тармақ 9
9. Режимдік аумақтардың аймақтарын және оларға іргелес жатқан аумақтарды пайдалану, сондай-ақ режимдiк аумақтардың аймақтарында орналастырылатын құрылыс объектілерін салу және пайдалану Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген қала құрылысы жобаларына (бас жоспарлар және егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) сәйкес жүзеге асырылады. _______________________________
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтар № 45 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 шілдедегі № 725 қаулысы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
Тармақ 4
4. «Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 26 қаулысы. _______________________________