Об установлении размера отчислений от ставок, осуществляемых организатором игорного бизнеса, осуществляющим деятельность букмекерской конторы или тотализатора, направляемых единому оператору, осуществляющему деятельность по распределению внебюджетных денежных средств, направленных на развитие физической культуры и спорта, в фонд Национального олимпийского комитета Республики Казахстан на развитие олимпийских видов спорта и общественный фонд «Қазақстан халқына», а также на функционирование единой Қолданыста
Басқа 0
Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін мөлшерлемелерден аударымдардың мөлшерін белгілеу және аударымдарды жіберу пропорциясын айқындау туралы
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қабылданған әр мөлшерлемеден букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін аударымдар (бұдан әрі – аударымдар) 3,3 (үш бүтін оннан үш) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға осы қаулының 1-тармағында белгіленген мөлшерде ұстап қалатын аударымдарды жіберудің мынадай пропорциялары айқындалсын:
Тармақша 1
1) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға 45 (қырық бес) пайыз;
Тармақша 2
2) олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына 21 (жиырма бір) пайыз;
Тармақша 3
3) «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 21 (жиырма бір) пайыз;
Тармақша 4
4) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге 13 (он үш) пайыз.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.