Положение об аттестации должностных лиц аппаратов акимов городов районного значения, поселков, аулов (сел), аульных (сельских) округов, совершающих нотариальные действия Қолданыста
Басқа 0
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестаттау туралы ереже
📌 Ескерту. Тақырыбының атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 20.04.2010 № 129 бұйрығымен.
Ескерту. Ережеде бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі», «аумақтық әділет органы» «аумақтық әділет органдарына», «аумақтық әділет органдарының», «аумақтық әділет органының», «аумақтық әділет органына» деген сөздер «әділет департаменті», «әділет департаменттеріне», «әділет департаменттерінің», «әділет департаментінің», «әділет департаментіне» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Әділет министрінің 20.04.2010 № 129 бұйрығымен.
Тармақ 1
1. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестаттау туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) көрсетілген адамдарды аттестаттау тәртібін, шарттары мен мерзімдерін реттейді.
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 20.04.2010 № 129 бұйрығымен.
Тармақ 2
2. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының (бұдан әрі - "лауазымды адам") нотариаттық іс-әрекеттер жасауға және уәкілетті лауазымды адамы осы іс-әрекеттерді жасауға құқық алу үшін аттестациядан өтеді.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 20.04.2010 № 129 бұйрығымен.
Тармақ 3
3. Лауазымды адамдарды аттестациядан персоналдық құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін аумақтық аттестация комиссиясы (бұдан әрі - "аттестациялық комиссия") өткізеді.
Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 04.11.2004 № 325 бұйрығымен.
Тармақ 4
4. Лауазымды адамдарды аттестациялау үшін сұрақтар тізбесінің жобасын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазады және бекітеді.
Сұрақтар тізбесі Әділет министрлігінен аумақтық әділет органдарына аттестация басталардан кем дегенде 30 күн бұрын жіберіледі.
Аттестацияның сұрақтар тізбесі аумақтық әділет органдарының қол қоюымен аттестация басталардан кем дегенде 15 күн бұрын барлық аттестациядан өтуші лауазымды адамдарға тапсырылады.
Тармақ 5
5. Аттестацияны өткізу мерзімін әділет департаменті белгілейді.
Аттестацияланушы лауазымды адам аттестацияның басталуы мен орнымен аттестация басталардан үш күн бұрын таныстырылуы тиіс.
Тармақ 6
6. Аумақтық аттестация комиссиясының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыздандыру әділет департаментіне жүктеледі.
Тармақ 7
7. Лауазымды адамдарды аттестациялау әңгімелесу жолымен аттестацияланушының қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 04.11.2004 № 325 бұйрығымен.
Тармақ 9
9. Егер аттестация мәжілісіне комиссия мүшелерінің жартысынан көбірек қатысса, аттестациялық комиссия шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 10
10. Аттестациялық комиссияның мәжілісінде хаттама жүргізіледі. Хаттамада мәжілістің уақыты мен өтетін жері, комиссия құрамы, аттестацияланушының тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы, қабылданған шешім және аттестациялық комиссиясының кепілдемесі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Аттестациялық комиссияның шешімі хаттамадан бөлек рәсімделеді және кепілдемелік сипатта болады.
Комиссия шешімі басым дауыспен қабылданады және ол келесі қорытындылардың біреуінен тұрады:
- аттестацияланушыға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беру;
- аттестацияланушыға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын бермеу.
Комиссия мүшелерінің ешқайсысының дауыс беруге қалыс қалуға құқығы жоқ.
Дауыс санының теңдігі кезінде, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 12
12. Аттестациялық комиссиясының шешімі мен хаттамасына төрағалық етуші мен барлық қатысушы комиссия мүшелері қол қояды.
Тармақ 13
13. Аттестация нәтижелері аттестацияланушыға сол күні хабарланады. Комиссия шешімі аттестацияланушыға оның өтініші бойынша берілуі мүмкін.
Тармақ 14
14. Аттестацияланушыға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беру туралы шешім аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының уәкілетті лауазымды адамын белгіленген тәртіп пен мерзімдерде, бірақ кем дегенде екі жылдан аспайтын мерзімде кезекті аттестациядан өткізуге дейін нотариаттық іс-әрекеттер жасауға өкілеттік беретін жалғыз құжат болып табылады.
Аттестациялық комиссияның шешімі, хаттамасы және басқа да деректер әділет департаментінің сақтауында жатады.
Ескерту: 14-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 04.11.2004 № 325, 20.04.2010 № 129 бұйрықтарымен.
Тармақ 15
15. Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға құқық алмаған лауазымды адам мұндай іс-әрекеттер жасауға жіберілмейді.
Тармақ 16. Аттестациялық комиссияның ШЕШІМІ
16. Лауазымды адамға нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беруден бас тарту туралы аттестациялық комиссияның шешімі жөнінде белгіленген заң тәртібімен шағымдануға болады.
Аттестациялық комиссияның ШЕШІМІ
Тармақ 1
1. Аттестацияланушының тегі, аты, әкесінің аты________________
Тармақ 2
2. Туған жылы, айы, күні және туған жері______________________
Тармақ 3
3. Білімі және мамандығы _____________________________________
____________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, қашан бітірді және дипломы бойынша мамандығы)
Тармақ 4
4. Жалпы еңбек стажы___________________________________________
Тармақ 5
5. Лауазымды адамның селода (поселке) нотариаттық қызмет
атқаруға тағайындалған күні_________________________________________
Тармақ 6
6. Дауысқа салу нәтижелері_____________________________________
Тармақ 7
7. Қабылдау үшін __________, қарсы болған _______ дауыстар саны
Тармақ 8
8. Комиссия шешімі_____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тармақ 9
9. Комиссияның кепілдемесі_____________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Комиссия төрағасы ____________________________
Комиссия хатшысы _____________________________
Комиссия мүшелері ____________________________
_________________________________________________________________
Аттестация өткен күн __________________________
Комиссия шешімімен таныстым___________________________________
(аттестацияланушының қолы мен күні)