О признании утратившими силу некоторых решений Костанайского областного маслихата Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облыстық мәслихаты кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихаты кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Қостанай облыстық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 117 «Қостанай облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25291 болып тіркелген).
Тармақша 2
2) Қостанай облыстық мәслихатының 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 252 «Қостанай облыстық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 117 «Қостанай облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31082 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.