Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы
табиғи сипаттағы төтенше
жағдайды жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығына сәйкес, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 10 наурыздағы №4 кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде Осакаров ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Ержан Еркинбаевич Темиров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.