О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 61 Қаулыға қосымша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1780 болып тіркелді).
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысының су объектілерінде және су шаруашылығы үймереттерінде көпшілікктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 99 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 255 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3839 болып тіркелді).
Тармақ 3
3. «Солтүстік Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 99 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 97 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5351 болып тіркелді).
Тармақ 4
4. «Солтүстік Қазақстан облысының су объектілерінде және су шаруашылығы үймереттерінде көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 99 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 162 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7596-15 болып тіркелді).