О создании коммунального государственного учреждения «Отделение социальной помощи на дому Актогайского района» государственного учреждения «Отдела занятости и социальных программ Актогайского района» Қолданыста
Басқа 0
«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 19-бабының 9) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметі қағидаларының 2-1-тармағына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Басқа 1. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 13 наурыздағы
№ 28/01 қаулысымен бекітілген
«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлімше) Ақтоғай ауданының аумағында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған тұлғаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімше 2026 жылғы 13 наурыздағы № 28/01 Ақтоғай ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылды.
Тармақ 3
3. Бөлімшенің құрылтайшысы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігі (бұдан әрі – құрылтайшы) болып табылады.
Тармақ 4
4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты Бөлімшенің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 5
5. Бөлімшенің атауы: «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. Бөлімшенің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, 100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 7 үй.
Тарау 2. 2-тарау. Бөлімшенің заңдық мәртебесі
2-тарау. Бөлімшенің заңдық мәртебесі
Тармақ 7
7. Бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Бөлімшенің атауы жазылған мөрі болады.
Тармақ 8
8. Бөлімше басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Тармақ 9
9. Бөлімше өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Бөлімшеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
Тармақ 10
10. Бөлімшенің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
Тарау 3. 3-тарау. Бөлімше қызметінің мәні мен мақсаттары
3-тарау. Бөлімше қызметінің мәні мен мақсаттары
Тармақ 11
11. Бөлімше қызметінің мәні мүгедек балалар мен мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлік жасқа толған, өзін-өзі күтуге қабілетсіз және денсаулық жағдайына байланысты үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қажет ететін қарт адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.
Тармақ 12
12. Бөлімше қызметінің мақсаты «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге жәрдемдеседі.
Тармақ 13
13. Бөлімше мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграциялану деңгейін арттыруға бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
Тармақша 2
2) үйде қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу;
Тармақша 3
3) қызмет алушылар мен оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері туралы хабардар ету;
Тармақша 4
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге қажеттілікті бағалау және айқындау;
Тармақша 5
5) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
Тармақша 6
6) қалыпты әлеуметтік ортада қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу;
Тармақша 7
7) Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызметтерді алушыларға жан-жақты көмек көрсету;
Тармақша 8
8) Стандартқа сәйкес үйде қызметтер көрсету жағдайындағы ұйымдармен балалар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар, он сегіз жастан асқан адамдар үшін сабақтар өткізу ұзақтығын қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысты жүргізу;
Тармақша 10
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі өзге де шараларды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Бөлімшеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Тармақ 15
15. Бөлімше Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның директорының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, құрылтайшының, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тарау 4. 4-тарау. Бөлімшені басқару
4-тарау. Бөлімшені басқару
Тармақ 16
16. Бөлімшені жалпы басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Уәкілетті орган заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) құрылтайшыға Бөлімшеге мүлікті бекіту бойынша ұсыныстарды береді;
Тармақша 2
2) Бөлімшенің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 3
3) Бөлімшенің мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) құрылтайшыға Бөлімшенің жарғысын бекітуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар береді;
Тармақша 5
5) Бөлімшенің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, Бөлімшенің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
Тармақша 6
6) Бөлімше директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 7
7) Бөлімшенің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
Тармақша 8
8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Бөлімшеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;
Тармақша 10
10) құрылтайшыға Бөлімшені қайта құруға немесе таратуға ұсыныс береді;
Тармақша 11
11) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Бөлімшенің директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 19
19. Бөлімшенің директоры Бөлімше жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және Бөлімшеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
Тармақ 20
20. Бөлімшенің директоры дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Бөлімше қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Тармақ 21
21. Бөлімше директорының Бөлімшемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
Тармақ 22
22. Бөлімшенің қызметті жүзеге асыруы барысында Бөлімше директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Бөлімше атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімшенің мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) Бөлімшенің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа, Бөлімше қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) Бөлімше қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
Тармақша 10
10) Бөлімше қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
Тармақша 11
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 12
12) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және уәкілетті органы немесе құрылтайшы жүктелген озге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5-тарау. Бөлімше мүлкінің құрылу тәртібі
5-тарау. Бөлімше мүлкінің құрылу тәртібі
Тармақ 23
23. Бөлімше мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Бөлімшенің мүлкі мыналардың:
Тармақша 1
1) оған меншік иесі берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздере есебінен құрылады.
Тармақ 24
24. Бөлімше дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
Тармақ 25
25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Бөлімшеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
Тармақ 26
26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Бөлімше қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Тармақ 27
27. Бөлімше бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
Тармақ 28
28. Бөлімшенің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органы жүзеге асырады.
Тарау 6. 6-тарау. Бөлімшедегі жұмыс тәртібі
6-тарау. Бөлімшедегі жұмыс тәртібі
Тармақ 29
29. Бөлімшенің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тармақ 30
30. Бөлімшенің еңбек ұжымымен өзара қарым-қатынасы тиісті ұжымдық шартпен және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
Тарау 7. 7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 31
31. Бөлімшенің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.
Тарау 8. 8-тарау. Бөлімшені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8-тарау. Бөлімшені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 32
32. Бөлімшені қайта ұйымдастыру және тарату құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Мемлекеттік занды тұлға, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
Тармақ 34
34. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды құрылтайшымен жүзеге асырады.
Тармақ 35
35. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Бөлімшенің мүлкін құрылтайшы қайта бөледі.
Тармақ 36
36. Таратылған Бөлімшенің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
Тарау 9. 9-тарау. Бөлімшенің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
9-тарау. Бөлімшенің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
Тармақ 37
37. Бөлімшенің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.