О создании государственного учреждения «Управление по защите прав детей Туркестанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Түркістан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Түркістан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 19 ақпандағы № 21/288-VIII «Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/235-VII «Түркістан облысының басқару схемасы туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешіміне сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің балалардың құқықтарын қорғау, қорғаншылық және қамқоршылық саласындағы функцияларын бере отырып құрылсын.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Түркістан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. «Түркістан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. «Түркістан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Түркістан облысы әкімдігінің 2026 жылғы «__» _________ № ____ қаулысына қосымша «Түркістан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Басқарма) Түркістан облысында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасың заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Басқарманың орналасқан жері: 161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, 16 ғимарат.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқарманың кәсіпкерлік субьектілерімен өзінің өкілеттіктеріне кіретін міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Тармақ 13
13. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның негізгі мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның негізгі мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмаған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциясын іске асыру;
Тармақша 2
2) балалар құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді және үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу;
Тармақша 4
4) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзушылықтар болған жағдайда олардың құқықтарын қалпына келтіру.
Тармақ 15
15. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз функцияларын жүзеге асыру үшін құзыреті шегінде сұрау салулар жіберу және мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды алу; тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) Түркістан облысының аумағында бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасау;
Тармақша 7
7)   қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсету;
Тармақша 8
8) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарында психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) кәмелетке толмағандар, оның ішінде бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, арнаулы білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастыруды қамтамасыз ету және олардың қызметіне мониторинг жүргізу;
Тармақша 10
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Басқармаға басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол аталған Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
Тармақ 19
19. Бірінші басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 20
20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелейді, материалдық көмек көрсетеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 3
3) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 4
4) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемені барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда таныстырады;
Тармақша 6
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын көтермелейді, оларға материалдық көмек көрсетеді және тәртіптік жаза қолданады. Бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Басқарма, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше түрде билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.