О установлении публичного сервитута для ГУ «Хромтауский районный отдел архитектуры, градостроительства и строительства» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ- не жария сервитут белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына, 37-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, 71-1-бабы 2-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 01-2-6-28/10404-И хаты негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Аққұдық ауылдық округі аумағынан «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-не цифрлық инфрақұрылым салу (ТОБЖ жүргізу, АДҚ және трансмиссия орнату, электр энергиясын жеткізу) үшін, осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес жалпы көлемі 6,0 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 04 наурызына дейін жария сервитут белгіленсін. 2 «Хромтау ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Райысұлына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.