Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін Бейнеу ауданында орналасқан алаңы 100,0599 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2029 жылғы 11 наурызға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.