Об установлении границы (черты ) населенного пункта Аккольского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақкөл ауданының елді мекенінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 858,2 гектар Ақкөл ауданы Радовка ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін. көрсетілген бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ақкөл ауданы, Радовка ауылының шекарасы (шегі)
Бірлескен Ақкөл ауданы әкімдігінің қаулысына 2026 жылғы 10 наурыздағы № А-3/48 қаулысы 1-қосымша Ақкөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 наурыздағы № С 55-4 шешіміне 1-қосымша Ақкөл ауданы, Радовка ауылының шекарасы (шегі) ШАРТТЫ БЕЛГІСІ - Шекара (шегі)