О признании утратившими силу некоторых решений Кызылординского областного маслихатаихата Қолданыста
Басқа 0
Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес кейбір шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Қызылорда облыстық мәслихатының
2026 жылғы 25 ақпандағы
№ 228
шешіміне қосымша
Қызылорда облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдердің тізбесі
Тармақ 1
1.«Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 434 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7504 болып тіркелген);
Тармақ 2
2.«Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 434 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 113 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8537-11 болып тіркелген);
Тармақ 3
3.«Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 434 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 160 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8596-11 болып тіркелген).