О привлечении осужденных к общественным работам Қолданыста
Басқа 0
Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 57 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері ретінде қала аумағын көріктендіру мен тазалау белгіленсін.
Тармақ 2
2. Түркістан қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдардың жазаны өтеу орындары болып Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Түркістан жарық-тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таңдалсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкiмдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.