О признании утратившими силу некоторых приказов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 6 наурыздағы № 86 Бұйрыққа қосымша Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға барабар көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 663 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30790 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға барабар көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 663 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 322 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35067 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Жылу энергиясын тұтыну нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 369 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35286 болып тіркелген).