О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Шымкент Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 248 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4778 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 248 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 2932 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 214-17 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.