Об установлении акционерному обществу «Казахтелеком» право ограниченного целевого землепользования (публичный сервитут) на земельный участок Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 35-бабының сәйкес Бестөбе ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (жария сервитут) белгіленсін, 3 жыл мерзімге, жалпы ауданы 0,3224 гектар, Қостанай облысы Қамысты ауданы Бестөбе ауылында орналасқан: Школьная көшесі – Абай көшесі – 0,2738 гектар, Абай көшесі – 0,0486 гектар, «Қостанай облысы В2G сегменті үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін салу" объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін және кабельдік кәрізді пайдалану үшін».
Тармақ 2
2. «Қамысты ауданы әкімдігінің Бестөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.