Об утверждении Перечня объектов цифровой инфраструктуры «цифрового правительства» Қолданыста
Басқа 0
«Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектілерінің
тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 74-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған «Цифрлық үкiметтiң» цифрлық инфрақұрылымы объектiлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесі
бұйрығымен бекітілген
«Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Цифрлық жүйелер:
Тармақша 1
1) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы;
Тармақша 2
2) «цифрлық үкіметтің» шлюзі;
Тармақша 3
3) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» цифрлық жүйесі;
Тармақша 4
4) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» цифрлық жүйесі;
Тармақша 5
5) «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» цифрлық жүйесі;
Тармақша 6
6) «Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі» цифрлық жүйесі;
Тармақша 7
7) «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесі;
Тармақша 8
8) «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» цифрлық жүйесі;
Тармақша 9
9) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы» цифрлық жүйесі;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;
Тармақша 11
11) «АХАЖ» цифрлық жүйесі;
Тармақша 12
12) «Жылжитын мүлік тізілімі» цифрлық жүйесі;
Тармақша 13
13) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі» цифрлық жүйесі;
Тармақша 14
14) «Қазақстан Республикасының электрондық нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» цифрлық жүйесі;
Тармақша 15
15) «Мемлекеттік жер кадастры» автоматтандырылған цифрлық жүйесі;
Тармақша 16
16) «Мобильді үкімет» цифрлық жүйесі;
Тармақша 17
17) «ASHYQ» Платформасы» бағдарламалық жасақтама (электрондық-есептеу машинасына арналған бағдарлама);
Тармақша 18
18) «Е-өтініш» цифрлық жүйес;
Тармақша 19
19) «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» цифрлық жүйесі;
Тармақша 20
20) «Е-қызмет» персоналды басқарудың интеграцияланған цифрлық жүйесі;
Тармақша 21
21) «Е-заң көмегі» заң көмегінің бірынғай цифрлық жүйесі;
Тармақша 22
22) «Біріңғай нотаритаттық ақпараттық жүйе» цифрлық жүйесі;
Тармақша 23
23) «Есепке алу-бақылау маркаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру» цифрлық жүйесі;
Тармақша 24
24) «Е-КТРМ» техникалық реттеудің цифрлық жүйесі;
Тармақша 25
25) «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» цифрлық жүйесі;
Тармақша 26
26) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау мен сақтаудың цифрлық жүйесі;
Тармақша 27
27) «Қазақстан Республикасының қоршаған орта және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесі;
Тармақша 28
28) «Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы» цифрлық жүйесі;
Тармақша 29
29) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы» цифрлық жүйесі;
Тармақша 30
30) «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы» цифрлық жүйесі;
Тармақша 31
31) «Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабы» цифрлық жүйесі.
Басқа 2. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Бұйрыққа қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 160 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14354 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 61 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14900 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 286 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15635 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 241 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17037 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 178/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19147 болып тіркелген).
Тармақ 7
7. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 396/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21505 болып тіркелген).
Тармақ 8
8. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 107/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22446 болып тіркелген).
Тармақ 9
9. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 212/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23035 болып тіркелген).
Тармақ 10
10. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 275/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23896 болып тіркелген).
Тармақ 11
11. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 384/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30158 болып тіркелген).
Тармақ 12
12. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 485/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31017 болып тіркелген).
Тармақ 13
13. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 78/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32056 болып тіркелген).
Тармақ 14
14. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 85/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32401 болып тіркелген).
Тармақ 15
15. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 141/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34153 болып тіркелген).
Тармақ 16
16. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 346/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34508 болып тіркелген).
Тармақ 17
17. «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 611/НҚ бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35162 болып тіркелген).
Тармақ 18
18. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 491/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 215233 болып тіркелген).