Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Карагандинской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қарағанды облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Қарағанды облысы әкімдігінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 18/03 қаулысына қосымша Қарағанды облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Тарау 1. 1. Көтермелеудің түрлері
1. Көтермелеудің түрлері
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді көтермелеудің түрлері:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен наградтау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйақы төлеу;
Тармақша 4
4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
Тармақша 5
5) ұйымға, кәсіпорынға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша фото және бейнежазба қоса тіркелген хабарламаны уәкілетті органдарға жолдаған азаматтар құқық бұзушыдан өндірілген айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермеленуі мүмкін.
Тарау 2. 2. Көтермелеудің тәртібі
2. Көтермелеудің тәртібі
Тармақ 3
3. Осы тәртіп Қарағанды облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.
Тармақ 4
4. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері ішкі істер органдарының ұсынуы бойынша Қарағанды облысының қалалары мен аудандары әкімдіктері жанынан құрылатын комиссияларда (бұдан әрі – Комиссия) қаралады.
Тармақ 5
5. Құқық бұзушылық профилактикасына белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс Қарағанды облысы Полиция департаментінің басқармалары мен полиция бөлімдерінің бастықтары тарапынан комиссияның қарауына енгізіледі.
Тармақ 6
6. Комиссия жергілікті атқарушы органдарда қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да, егер олар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге немесе ашуға ықпал еткен болса, көтермелеуге құқылы.
Тармақ 7
7. Көтермелеуге негіз болып комиссия қабылдайтын хаттамалық шешім табылады.
Тармақ 8
8. Ақшалай сыйақы төлеу үшін комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Қарағанды облысы Полиция департаментінің басқармалары мен полиция бөлімдерінің бастықтары қосымша бұйрық шығарады.
Тарау 3. 3. Ақшалай сыйақының мөлшері
3. Ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақ 9
9. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Тармақ 10
10. Ақшалай сыйақы төлеу Қарағанды облысы Полиция департаменті тарапынан облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.