Об установлении публичного сервитута на земельный участок для реконструкции гидротехнического сооружения «Плотина пруда-накопителя на реке Маховка в селе Солнечное» коммунальному государственному предприятию «Шығыс су қоймалары» управления природных ресурсов и регулирования природопользования ВосточноөКазахстанского областного акимата Қолданыста
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Шығыс су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына «Солнечное ауылындағы Маховка өзеніндегі жинақтаушы тоған бөгеті» гидротехникалық құрылысын қайта жаңарту үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
«Шығыс су қоймалары» КМК өтінішін қарастырып, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19,67,69-баптарын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Шығыс су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына ШҚО орналасқан, ауданы 0,66 га «Солнечное ауылындағы Маховка өзеніндегі жинақтаушы тоған бөгеті» гидротехникалық құрылысын қайта жаңарту үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін. Глубокое ауданы, Бобровка ауылдық округі, Солнечное ауылы.
Тармақ 2
2. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін ауыртпалықтар белгіленсін: инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарын сақтау, оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз қол жеткізу қамтамасыз етe.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.