Об установлении публичного сервитута Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «КАЗСУШАР» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтобе филиалына Қарғалы ауданы, Шәмші Қалдаяқов ауылының аумағындағы «Қарғалы су қоймасы» гидротехникалық құрылысына дейінгі кірме жол орналастыру және қызмет көрсету үшін жалпы көлемі - 2,8 га жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2036 жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қарғалы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарғалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.