Конституция Республики Казахстан Қолданыста Өзге акт ·№ б/н ·15.03.2026
15.03.2026 редакциясы
Қолданыста · 15.03.2026 редакциясы

54-бап

Конституция Республики Казахстан · № б/н

1. Құрылтай депутаттары жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Құрылтай депутаттарының кезекті сайлауы жұмыс істеп тұрған Құрылтай шақырылымының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.
2. Құрылтай депутаттарының кезектен тыс сайлауы Құрылтайдың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
3. Жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, оның аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан адам Құрылтай депутаты бола алады.
4. Құрылтай депутаттарының сайлауы конституциялық заңмен реттеледі.
5. Құрылтай депутаттары Қазақстан халқына ант береді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-223244/st-54/