Конституция Республики Казахстан Қолданыста Өзге акт ·№ б/н ·15.03.2026
15.03.2026 редакциясы
Қолданыста · 15.03.2026 редакциясы

65-бап

Конституция Республики Казахстан · № б/н

Үкімет:
1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету ісінің негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Құрылтайға республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу шараларын әзірлейді;
6) министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық етеді;
7) Қазақстан Республикасының министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің толық немесе бір бөлігінде күшін жояды не қолданысын тоқтата тұрады;
8) мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық орган үшін қаржыландырудың және қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасы Президентiнің келісімімен бекітеді;
9) өзіне Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентiнің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-223244/st-65/