Конституция Республики Казахстан Қолданыста Өзге акт ·№ б/н ·15.03.2026
15.03.2026 редакциясы
Қолданыста · 15.03.2026 редакциясы

72-бап

Конституция Республики Казахстан · № б/н

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және бүкіл ел аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган.
Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 07.07.2026 № 89-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 2. Конституциялық Сот Төраға мен он судьядан тұрады. Олардың өкілеттік мерзімі – сегіз жыл. Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот судьясы болып тағайындалмайды.
Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 07.07.2026 № 89-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 3. Конституциялық Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол өкілеттік мерзімі ішінде Конституциялық Сот судьясы да болады. Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот Төрағасы болып тағайындалмайды.
4. Конституциялық Сот судьяларын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьялары арасынан Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
5. Конституциялық Сот судьясының депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды.
6. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оларды өз өкілеттігі мерзімі ішінде тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
7. Конституциялық Соттың ұйымдастырылуы және қызметі конституциялық заңмен реттеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-223244/st-72/