Конституция Республики Казахстан Қолданыста Өзге акт ·№ б/н ·15.03.2026
15.03.2026 редакциясы
Қолданыста · 15.03.2026 редакциясы

74-бап

Конституция Республики Казахстан · № б/н

1. Конституцияның 73-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша Конституциялық Сотқа өтініш берілген жағдайда тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуі, Құрылтайдың сайланған депутаттарын тіркеу, жалпыхалықтық референдум қорытындысын шығару тоқтатыла тұрады.
2. Конституцияның 73-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша Конституциялық Сотқа өтініш берілген жағдайда тиісті актілерге қол қою не оларды ратификациялау мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.
3. Конституциялық Сот өз шешімін конституциялық заңда белгіленген мерзімде шығарады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-223244/st-74/