Конституция Республики Казахстан Қолданыста Өзге акт ·№ б/н ·15.03.2026
15.03.2026 редакциясы
Қолданыста · 15.03.2026 редакциясы

78-бап

Конституция Республики Казахстан · № б/н

1. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз болады және Конституция мен заңға ғана бағынады.
2. Сот төрелігін іске асырған кезде соттың қызметіне мүлдем араласуға болмайды және бұл заң бойынша жауаптылыққа алып келеді. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді.
3. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде мына қағидаттарды басшылыққа алуға тиіс:
1) ешкімнің өзіне заңда көзделген соттылығын оның келісімінсіз өзгертуге болмайды;
2) сотта әр адамның өз сөзін тыңдатуға құқығы бар;
3) айыпталушы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес;
4) адамның кінәлі екеніне қатысты кез келген күмән айыпталушының пайдасына қарастырылады;
5) заңсыз жолмен алынған дәлелдемелердің заңды күші жоқ. Ешкімді өзінің жеке мойындауы негізінде ғана соттауға болмайды;
6) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
4. Конституцияда белгіленген сот төрелігі қағидаттары Қазақстан Республикасының барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-223244/st-78/