Конституция Республики Казахстан Қолданыста Өзге акт ·№ б/н ·15.03.2026
15.03.2026 редакциясы
Қолданыста · 15.03.2026 редакциясы

96-бап

Конституция Республики Казахстан · № б/н

1. Конституция күшіне енген күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
2. Үкімет, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерді Конституцияға сәйкес келтіру жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.
3.  Конституция күшіне енген күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданған Конституциялық Кеңестің және Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде заңды күшін сақтайды. ____________
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-223244/st-96/