Об утверждении Правил благоустройства территории города Балхаша Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балқаш қаласы аумағын абаттандыру Қағидасың бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарддағы № 148-II Заңына «Қазақстан Республикасындағы қала құрылысы және құрылыс, сәулет қызметкерлері туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 342-II Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Балқаш қаласы аумағын абаттандыру Қағидасы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихаттың әлеуметтік құрылымддар, өнддіріс, көлік, коммуналдық шаруашылықты дамыту және экология мен жекешелендіру сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Гусев А.И.). «КЕЛІСІЛДІ» Балқаш қаласының әкімнің орынбасары А. Куатбеков 8.11.2004 ж. Мемлекеттік санитарллық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы Т.Жұманов 8.11.2004 ж. Қалалық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет К. Мусин 8.11.2004 ж. Қалалық ішкі істер бөлімі К. Буйтекулы 8.11.2004ж. Орталық аумақтың қалалық бөлімі Р. Машұрбекова 8.11.2004 ж. Сәулет және құрылыс істері комитетінің бас әулетшісі М. Әбеуов 8.11.2004 ж.
Басқа 3. Балқаш қаласы аумағын абаттандыру Қ А Ғ И Д А С Ы
Қосымша қалалық мәслихат сессиясының 2004 жылғы 10 қарашадағы № 13/131 «Балқаш қаласы аумағын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы» шешімімен бекітілген Балқаш қаласы аумағын абаттандыру Қ А Ғ И Д А С Ы
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Осы Қағида қала аумағында тұратын немесе қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың барлығына міндетті болып табылады.
Тармақ 2
2. Қаланың тиісті санитарлық күйін, абаттандырылу мен көгалдандырылуын қамтамасыз ету үшін Балқаш қаласы әкімі жанында қоғамдық пайдалану объектілері мен аумақтарында мемлекеттік тапсырысты абаттандыру бойынша қызметті үйлестіруді тапсырыс берудді, абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымдардың объектілері мен элементтерін ұстау, оларға қызмет көрсету, ағамдағы және күрделі жөндеу бойынша мамандандырылған кәсіпорындармен шорт жасау ункцияларын атқаратын «Құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесі қызмет етедді. Құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлімнің түпкілікті мақсаты қала абаттадырылуының, санитарлық жағдайы мен көгалдандырылуының қажетті деңгейін ұстау болып табылады.
Тармақ 3
3. Жұмыстарды жүргізу жергілікті бюджет есебінен іске асырылады.
Тармақ 4
4. Абаттандыру объектілері мен элементтерінің, инженерлік инфрақұрылымның, жасыл қордың сақталуына, қоршаған ортаны қорғауға, санитарлық жағдайды қамтамасыз етуге бақылау жүргізуді мемлекеттік органдар (құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлімі, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, ішкі істер бөлімі, қоршаған ортаны қорғау бөлімі, инженерлік-техникалық бөлімі) қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағиданы бұзса қолданылып жүрген заңдарға сәкес әкімшілік жаупкершілікке тартылады.
Тарау 2. 2. Анықтамалар
2. Анықтамалар
Тармақ 6
6. Абаттандыру – адамға елді мекендерде жайлы, қолайлы және қауыпсіз тіршілік ету ортасын қамтамасыз ететін жұмыстар мен элементердің кешені. Бұл кешен абаттандыру объектілері мен элементерін ұйымдастыру, ұстау, пайдалану, жөндеу, және қорғау жұмыстарының келесі негізгі бағыттарын қарастырады: инженерлік абаттандыру, сыртқы абаттандыру, санитарлық абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, үй жанындағы аумақтарды абаттандыру.
Тармақ 7
7. Бөлінген аумақ – уәкілетті органнын шешіміне сәйкес жер пайдаланушыға меншігіндегі объектілерді (ғимараттар, құрылыстар, көлік магистралдары мен басқаларды) орналастыру үшін берілген жер учаскесі.
Тармақ 8
8. Бекітілген аумақ - жеке және заңды тұлғаға бөлінген аумақтың мағындағы және жергілікті атқарушы органмен белгіленген басқа да аумақтың санитарлық жағддайын қамтамасыз ету үшін шартпен екі жақтардың келісімі бойынша бөлінген жер учаскесі.
Тармақ 9
9. Санитарлық паспорт – мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадауғалауға жататын объектінің, көлік құралының холықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық артілердің талаптарына сәйкестігін растайтын және оларды пайдалануға немесе қолдануға құқық беретін құжат.
Тармақ 10
10. Санитарлық- эпидемиологиялық қағидалар мен нормативтер (бұддан әрі – санитарлық қағидалар) – сақталмауы адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін, сондай – ақ аурулардың пайда болу және таралу қаупін туғызатын, санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды (соның ішінде тіршілік ету ортасы факторларының адам үшін қаупсізддік және (немесе) зиянсыздық белгілерін ) белгілейтін нормативтік құқықтық актілер.
Тармақ 11
11. Кондоминиум- үй - жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (жеке -дара) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлесті меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда бірыңғай мүлікті кешен ретіндегі (бұддан әрі - кондоминиум объектісі) жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны.
Тармақ 12
12. Бөлек (өзіндік) меншің – қозғалмайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны - кондиминиум құрылған тұрғын жай (тұрғын үй) құрамындағы үй жайға азаматтарддың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің меншігі.
Тармақ 13
13. Үй жайлар иелерінің кооперативі – көп пәтерлі тұрғын үйдегі үйжайлар (пәтерлер) иелерінің конддоминеиум объектісін басқару мақсатындағы коммерциялық емес бірлестігі.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй кооперативі (тұрғын үй - құрылыс кооперативі) – азаматтардың тұрғын үйді сатып алу (салу) және пайдалану мақсатындағы коммерциялық емес бірлестігі, онда тұрғын үйді меншіктену құқығы кооперативке тиесілі болады, ал кооперативке мүше азаматтар өздеріне бекітіліп берілген үй -жайларды иелену және пайдалану құқығына, ал жекелеген жағдайларда - белгіленген тәртіппен билік ету құқығына ие болады және тұрғын үйді күтіп ұстау шығынына қатысады.
Тармақ 15
15. Құрылыстық нормалар мен ережелер – аумақ құрылысын жүргізген кездде міндетті орындалуға тиісті нормативтік - техникалық құжаттар.
Тармақ 16
16. Бас жоспар қаланы дамыту мен салуды кешенді жоспарлаудың қала құрылысы жобасы, онда аймақтарға бөлуді, оның аумағының жоспарлы құрылымы мен жұмыс істеуін ұйымдастыру, көлік және инженерлік коммуникациялар, көгалдандыру мен абаттандыру жүйелері белгіленеді.
Тармақ 17
17. Объектінің бас жоспары -құрылыс объектісі (үй, ғимарат, кешен) жобасының (учаскеге) орналастыру, көлік коммуникацияларын, инженерлік төсеу (жүргізу), учаскені инженерлік жағынан дайындау, абаттардыру мен көгалдандыру, шаруашылық қызметін көрсетуді ұйымдастыру міселелерін және жобаланып отырған объектінің орналасатын жеріне байланысты өзге де іс –шаралаларды кешенді шешу қамтылатын бөлігі.
Тармақ 18
18. Инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым қаланың тұрақты дамуы мен қызмет етуін қамтамасыз ететін инженерлік жабдықтар, байланыс, көлік құрылыстары мен коммуникациялардың, сонымен қатар халыққа әлеуметтік және мәдени- тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінің кешені.
Тармақ 19
19. Қызыл сызық - кварталдардың, шағын аудандардың, Балқаш қаласын жоспарлау құрылымындағы өзге элементтердің аумақтарын көшеден (жолдардан, алаңдардан) бөліп тұратын шекара, әдетте қызыл сызық құрылыс шекарасын реттеу үшін қолданылады.
Тармақ 20
20. Құрылыс салуды реттейтін сызық (құрылыс салу сызығы) – қызыл және сары сызықтан немесе жер учаскелері шекарасынан шегіндіре отырып (үйлерді, ғимараттарды) құрылыстарды орналастыру кезінде белгіленген құрылыс салу шекарасы.
Тармақ 21
21. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация - өндірістік, тұрғын ғимараттарында, көлікте, қоғамдық органдардың үй- жайларында жүйелі түрде жүргізілетін жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғаштарын, тұрмыстағы жәндіктер мен кеміргіштерді бағытталған шаралар кешені.
Тарау 3. 3. Негізгі талаптар
3. Негізгі талаптар
Тармақ 22
22. Елді мекенді абаттандырудың Қағидасы елді мекендерде толық қанды қоршаған ортаны қалыптастыру және ұстау жөніндегі шаралар кешенін өткізу тәртібін анықтайды, абаттандыру объектілері мен элементтерінің жағдайына деген сәулеттік, санитарлық, экологиялық сипаттағы негізгі талаптар.
Тармақ 23
23. Қағида елді мекеннің абаттандырылуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қйымдастыру және жүргізу сұрақтарын, сонымен қатар жеке және барлық нысанадағы заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігін, құқықтарын қамтитын нормативтік құжат.
Тармақ 24
24. Қағида абаттардыру, көгалдандыру, санитарлық жағдайды қамтамасыз ету жұмыстарын өндірумен, қаланы абаттандыру элементтерін ұстаумен шұғылданатын жергілікті атқарушы үкімет органдары мен мамандандырылған ұйымдар басшыларына басшылыққа алу үшін арналады.
Тармақ 25
25. Қала аумағында жылда көктем мен күзле абаттандыру және санитарлық тазалаудың айлықтарын өткізеді.
Тармақ 26
26. Инженерлік коммуникациялардың барлық түрлеріне қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар тиісті жөндеу жұмыстарын жасауға күтуге, уақытында жөндеуге міндетті, жөндеу жұмыстарынан кейін бұзылған абаттандыру элементтері мен жамылдырылғыларды қалпына келтіруге тиіс.
Тармақ 27
27. Жеке және заңды тұлғалар ескі құрылыстарды бұзуға, жол жамылдырғылары, тротуарлар, газондар мен абаттандыру және инженерлік қондырғылардың объектілері мен элементтерінің бұзылуына байланасты жұмыстарды тек Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 25 бабы 12 тармағына сәйкес қала әкімі мен анықталатын уәкілетті орган берген жазбаша рұқсат (ордері) болған жаідайда жүргізе алады. Мемлекеттік органдармен (ішкі істер бөлімі, санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы, жер комитеті) келіскеннен кейін қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес.
Тармақ 28
28. Жұмыстарды жасауға рұқсат қағазы (ордер) тапсырыс берушінің өкіліне немесе жұмыс жасаушының өкіліне беріледі. Мұнда уәкілетті органға келесі құжаттар тапсырылуы қажет:
Тармақша 1
1) жұмыс жасауға рұқсат қағазын және жұмыс аяқталған соң учаске, объект, элементі қалпына келтіруге кепілдік беруге өтінім;
Тармақша 2
2) инженерлік жүйелер мен коммуникациялар (бұзылатын объект) иесімен жұмыстарды жұргізу жөнінде келісілген жоба;
Тармақша 3
3) жұмыстың жүргізілу жобасы немесе объектте жұмыс жұргізудің кестесі;
Тармақша 4
4) газондарды қоса алғанда, жасыл егінділерді алып тастауға өтінім (қажет жағдайда). Егерде жасалатын жұмыстар адамның өмірі мен қызметінің қауіпсіздігіне, қоршаған ортаның жағдайына ықпал ететін болса, жұмыс жүргңзуші жұмысты бастамай түрып берілген рұқсатты жергілікті атқарушы органдар тіркеу керек.
Тармақ 29
29. Тек айрықша жағдайларда аса маңызды объектілердің қызметін қаматмасыз ету үшін аппаттық жағдайды тез арада жоюды талап ететін, аса маңыздды объектілердің қызметін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы үкімет органдарының рұқсатымен, рұқсатты (ордер) ресімдемей келісім беретін ұймның өкілдерінің қатысуымен апаттық жағдайды жоюға кірісуге болады, кейіннен жұмыстарды жүргізу рұқсатын 24 сағаттың ішінде ресімдеу қажет.
Тармақ 30
30. Жүргізілген жұмыстар нәтижесіндде бұзылған абаттандыру және инфрақұрылым элементі, объекті рұқсат қағазында көрсетілген жұмысты аяқтау мерзіміне дейін қалпына келтірілу керек. Мерзімі өтіп кеткен рұқсат қағазы бойынша жасалған жұмыстар өз бетімен жасалынған болып саналады. Рұқсатты созу Қағиданы бұзғандар жауапкершілікке тартылғаннан соң жасалады.
Тармақ 31
31. Жұмыс жүргізуші жұмысты бастамай тұрып келесіні орындау керек:
Тармақша 1
1) жұмыстың қауіпті аймақтарының шекараларына талап етілетін қорғандар мен түрлері белгіленген арнайы ескерту белгілерін орнату;
Тармақша 2
2) қозғалыс, жүру жерлеріне құрылыс нормалары мен Қағидалары талап ететін қондырғылар қойып, ащық учаскенің түнгі уақытта жарықтандырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) механизмдер істеп түрған жұмыс аймағында жасыл егінділер болған жағдайда олардың сақталуын қамтамасыз ететін жабу қалқандарымен қоршау;
Тармақша 4
4) көлік және адамдар жүретін жерлерді жабу қажеттілігі болса, айналып өту жолдарын дайындап, оларды тиісті белгілермен анықтап көрсету;
Тармақ 32
32. Жұмыстар қолданылып жүрген нормалар мен ережелерге сонымен қоса ордерде көрсетілген шарттарға сәкес жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Құрылыс материалдарын сақтау жел ұшырып, шашуды жібермеу шараларын ұстанумен жүзеге асырылады. Жұмыс барысында әрі қарай пайдалануға жарамсыз болып қалған материалдар жұмыс процесі кезінде шығарылады. Жасыл егінділердді, жер асты қондырғыларынаң құдық қақпақтарын, су ағатын торлады т.б. топырақ және құрылыс материалдарымен жауып тастауға тыйым салынады. Аталмыш құрылыс элементерін қорғау үшін және люктер мен құдықтарға еркін өту үшін ағаш қалқандар мен қораптар пайдалану қажет.
Тармақ 34
34. Жұмыс жасау шарттары бұзылған жағдайда, қалпына келтіру сапасыз немесе қалпына келтіру жұмыстарының мерзімі бұзылған жағдайларда құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлімі уәкілетті мемлекеттік қызметтермен (ішкі істер бөлімі, санитарлық -эпидемиологиялық бақылау басқармасы, қоршаған ортаны қорғау бөлімі) бірге жұмысты тоқтатуға, келтірілген залалдардың шығынын өтеп алуға, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту шараларын қолдануға құқылы.
Тармақ 35
35. Жұмыстарды жүргізу мерзімі күнтізбелік кестеге, олардың ұзықтығы жөніндегі қолданылып жүрген нормаларға сәкес белгіленеді.
Тармақ 36
36. Жергілікті атқарушы орган келесіні бекітеді:
Тармақша 1
1) механикаландырылған жинауға жататын көшелер, аландар мен өткелдердің титулдық тізімін, сонымен қатар олардың жазғы және қысқы кездерде жиналу кезектілігін;
Тармақша 2
2) қатты және сұйық тұрмыс қалдықтарының бір адамға шаққандағы жылдық жиналу нормаларын;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаны ластанудан қорғау, табиғи байлықты қоргау жөніндегі шараларды.
Тармақ 37
37. Заңды және жеке тұлғаларға, қала тұрғындарына:
Тармақша 1
1) ұсақ сауда жасайтын дүңгіршектер, палаткалар, павильондар мен дүкендердің маңында, олар жұмыс істемей тұрған кезде бос сауыттар қалдыруға;
Тармақша 2
2) арнайы белгіленген орындардан басқа, жаңбыр қабылдағыштардың торлары мен қақпақтарына, канализация, су құбырлары мен жылу жүйелерінің қарау және бақылау құдықтарына, фонтандарға, су қоймаларына, өзендерге, газондарға, жасыл желектерге, аландар мен скверлерге, жолдың жүру бөліктеріне, қоғамдық көлік аялдамаларына қоқыс, тұрмыстық қалдықтар, құрылыс қоқысын, қар мен мұзды тастауға, сыпыруға;
Тармақша 3
3) аулалар, скверлер, саябақтар мен басқа да қоғамдық жерлердің жабдықтарын бұзуға, арнайы жерлерден басқа аулалар, көшелер мен алаңдарға құрылыс қоқысын, басқа да заттарды жинауға;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы орган белілемеген жерлерге: үйлердәң қасбеттеріне, су құбырларына, жарық түсіру тіректеріне, басқа да жерлерге хабарландырулар ілуге;
Тармақша 5
5) қоқыс жиналғыштағы қоқысты жағуға, онда құрылыс қоқысын, металл қандықтарын су және басқа да сұйық заттарды төгуге тыйым салынады.
Тармақ 38
38. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналасатын кәсіпорындарға:
Тармақша 1
1) тұрғын үйлер, ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды уақытында шығаруға (шарттарға сәйкес);
Тармақша 2
2) арнайы машиналардың әркайсының жүру бағатының кестесін жасауға;
Тармақша 3
3) жүру бағыттарының кестелері өзгергенде пайдалану шарттарына сәйкес түзеуге және бекітілген жүру бағыттары кестелерінің міндетті орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) азаматтардың жеке иелену құқығында үйлер салу аудандарынан шарт негізінде аптасына кем дегенде екі рет қатты тұрмыстық қалдықтардан жоспарлы, үнемі тазарту жүйесін іске асыруға тиісті;
Тарау 4. 4. Инженерлік абаттандыру
4. Инженерлік абаттандыру
Бөлім 1. 1. Көлік жүйесі
1. Көлік жүйесі
Тармақ 39
39. Жол жүру қауыпсіздігін қамтамасыз ету және оны ұйымдастыруды жақсартудың негізгі шаларына:
Тармақша 1
1) жол жамылдырғыгының талап етілетін тегістілігін қамтамасыз ету, шұңқыр, ой және басқа түрдегі кемшіліктерді жою;
Тармақша 2
2) көліктің жамылдырғымен өажетті ілігуін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жол жиектерін бекіте түсу, жамылдырғы шетінің көрінуңн жібермеу, жол жиектерінде судың тұрып қалмауын, онда ойықтың болмауын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) жол бойында, басқа жолдар мен қиылыстарда, темір жолдармен қиылыстарда жолдың жақсы көрінуін қамтамасыз ету.
Тармақ 40
40. Көліктің барлық түрлерінің иелері көліктерін көшелерге, жодарға жол жүру Қағидасына сәйкес таза күйінде шығарып, тиісті техникалық күйде ұстаулары керек.
Тармақ 41
41. Көлікпен тасымалданатын жүктер шашылып көшені ластамау үшін толығымен жабылған болу керек.
Тармақ 42
42. Қалпы келтіру жұмыстарын, жол жамылдырғысын ашуды, көшелерді, алаңдар мен басқа да қоғамдық орындарды қазу шаралар талап ететін инженерлік жүйелердің апаттары осы Қағиданың 5 «Негізгі талаптар» тармағына сәкес жүргізіледі.
Тармақ 43
43. Апаттық жұмыстар жүргізіліп жатқан жерде материалдары немес басқа да мүліктері бар жеке және барлық нысанадағы заңды тұлғалар уәкілетті органның алғаш талабы бойынша, сол жерді өз күшімен босатып беруге міндетті.
Тармақ 44
44. Көшелерде көлік жүрісін тоқтату немесе шектеуге байланысты жұмыстар жүргізілген жағдайда, тапсырыс беруші жергілікті атқарушы үкімет, ал қоғамдық көлік қөзғалысының жолын өзгерту қажеттілігі болған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала тұрғындарына жеткізу керек.
Тармақ 45
45. Ашық тәсілмен орамдар ішіне құбыр салу, абаттандырылмаған көшелер мен алаңдарда, сондай ақ жер асты құрылыстары қайта жаңартылған және күрделі жқнделген кезде уәкілетті органмен келісу бойынша жасалуы мүмкін. Жұмысты осы тәсілмен немесе басқа тәсілмен жүргізудің тиімділігі әрбір жағдайға бөлек, жергілікті жағдайды ескере отырып анықталады.
Тармақ 46
46. Егер жерді қазған кезде жобада көрсетілмеген жер асты коммуникациялары табылса, жұмыс жүргізуші уәкілетті органдды және осы коммуникациялардың ықтимал иелеріне хабарлау керек.
Тармақ 47
47. Жерді қазу жұмыстары аяқталған соң уәкілетті органның өкілінің рұқсатын алғаннан кейін оның орны жентектелмейтін материалмен (құм, ұсақ тастар) көміледі.
Тармақ 48
48. Ені 4,0-7,5 метр болатын жолдың көлік жүретін бөлігінің қазылған жерінің жамылдырғысын қалпына келтіру көлік жүретін жолдың еніне жасалады, ал жол жамылдырғысының ені 7,5 метрден көп болса; жамылдырғыны қалпына келтіру траншея бойымен және құрылыс механизмдері жұмыс істеген аймақта жасалады. Бұзылған жол жамылдырғасын және абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары қайта топырақпен жабу жұмыстары аяқталғаннан екі тәулік өтуінен ұзамай басталуы керек. Жұмыстың жүргізілу жерлерінде ақпараттық қалқандар орнатылу керек (объекттің, кәсіпорынның атауы)
Бөлім 2. 2. Жер асты және бетіндегі инженерлік коммуникациялар жүйесі
2. Жер асты және бетіндегі инженерлік коммуникациялар жүйесі
Тармақ 49
49. Қаланың абаттардырылуын бұзбау мақсатында инженерлік коммуникациялар, инженерлік жүйелер мен қондырғылардың техникалық жағдайы үнеме мамандарылған кәсіпорындардың бақылауында болады, олар:
Тармақша 1
1) аумақты су басып кетуін жібермеуге;
Тармақша 2
2) бөлінген және қорғалатын аймақтардың санитарлық жағдайын байқауға;
Тармақша 3
3) люктер қақпақтарының, құдықтар мен камералардың, жаңбыр канализацияларының жапқыштары жол жамылдырғысының, тратуарлардың деңгейінде, жер белгісінің деңгейінде болуын, және олардың үнемі қызмет етуін қадағалауға;
Тармақша 4
4) қысқы ауқыттардды жылддам пнықтау үшін құдықтарды белгілеуді жүргізуге міндетті.
Бөлім 3. 3. Аумақты жарықтандыру
3. Аумақты жарықтандыру
Тармақ 50
50. Елді мекендердің аумағын жарықтандыру сыртқы жарықтандыру қондырғыларымен қамтамасыз етіледі. Сыртқы жарықтарндыру қондырғыларына:
Тармақша 1
1) электрмен қамтамасыз ету қондырғылары, тоқ беруші жүйелер, тоқ беру пункттері;
Тармақша 2
2) тарату жүйелері;
Тармақша 3
3) қорғау және электр жүйелерін жайтартқышқа жалғай қондырғылары;
Тармақ 51
51. Тіректер тастың беткі шетінен цокольдің сыртқы бетіне дейін 0,6 метрде кем емес аралықта орналасады. Егер тқрғын көшелерде автобус немесе ауыр жүкті машиналардың қозғалысы болмаса, бұл қашықтықты 0,3 метрге дейін кемітуге болады.
Тармақ 52
52. Жолдар мен кқшелер қиылыстарында тіректер тротуарлардың домалана басталуына дейінгі жерлерде және түрлі кіру жолдарынан 1,5 метрден кем емес қашықтықты орналасытырылады. Аллеялар мен жаяу жүретін жол жиектерінде тіректер жүретін бөліктен тыс, газондарда, ағаштармен бірге орналастырылады.
Тармақ 53
53. Ғимарат жанында өтетін тар өткелдер, тротуарлар мен алаңдарада ғимарат қабырғалары не оларға еркін қол жететін болған жағдайда орнатылған жарықтандырғыштарға рұқсат етіледі.
Тарау 5. 5. Сәулеттік - көркем безендіру
5. Сәулеттік - көркем безендіру
Тармақ 54
54. Сыртқы абаттандыру белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспар (бас жоспардың сұлбасы), аумақты бөлшекпен жобалау және құрылысының жоспары бойынша жасалу керек.
Тармақ 55
55. Тұрғын үйлер, әкімшілік және басқа да ғимараттар мен олардың аумақтарының сәулеттік келбетін сақтау және жақсарту үшін оларда сауда, қызмет көрсету пункттерін, офистер мен басқа да объектілерді орналастыру кезінде бұл объектілердің иелері өздері жасаған жобаға сәйкес объектінің қасбеті мен оған жататын аумақты абаттандыру шараларының кешенің жасау керек.
Тармақ 56
56. Автокөліктер тұрақтары жоба - смета құжаттамасымен бекітілген, рұқсат етілген құжат негізінде ұйымдастырылады. Автокөліктердің тоқтау орындары үшін қалта қарастырылады. Тұрақтар мен қалталар жол белгілерімен қамтамасыз етілуі қажет. Автокөлік тұрақтарынан кіру жолында тұрақ аты, жұмыс кестесі жазылған тақтайшалар ілінуі керек.
Тармақ 57
57. Сәулеттік келбетті сақтау, санитарлық және экологиялық нормаларды бұзбау үшін, мына жағдайларға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) дүңгіншектер, павильондар салу және т.б. (тиісті құжаттардың ресімдеуінсіз)
Тармақша 2
2) құрылыс материалдарын: ағаш, көмір т.б. жинап қою.
Тарау 6. 6. Ерекшеленген аумақтары бар объектілерді жинау
6. Ерекшеленген аумақтары бар объектілерді жинау
Тармақ 58
58. Ерекшеленген аумақтары бар объектілерде (базарлар, саябақтар. Емдеу профилактикалық мекемелер) санитарлық эпидемиологиялық станциялардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды салуға және қайта жабдықтауға, қалдықтар жинауға, автокөлік жууға, отын және ыдыстар сақтауға болмайды.
Тармақ 59
59. Қоғамдық орындарды жинау жұмыстары (жалпыға ортақ демалыс орындары) жүріс аз кезде және адам аз келетін уақытта (түнде, таңға қарай) жүргізіледі.
Тармақ 60
60. Жазғы уақытта тротуарлар мен жолдар шаңнан, түскен жапырақтардан тазартылады. Көшеден қоқыс қалдықтары жиналып, су құдықтарына тазарту жұмыстары жүргізіледі.
Тармақ 61
61. Жазғы тазалау жұмысына сыпыру, су себу, тротуарлар мен көшенің көлік жүретін бөліптерін жуу кіреді. Жолдың көлік жүретін бөліктері, алаңдар, кқшелер, инженерлік құрылыстар түнде жуылады.
Тармақ 62
62. Жапырақ түсетін кезде жапырақтар уақытында тек жолдың көлік жүретін жерлеріне, тротуарларға желмен ұшып келуі мүмкін жерлерден жиналуы керек. Жинақталған жапырақтар арнайы орындарға апарылып төгіледі. Жапырақтарды адамдар тұратын құрылыстар маңында, саябақтарда өртеуге болмайды.
Тармақ 63
63. Қысқы жинау жұмыстары тұрақты (қар жауатын мерзім арасында) және мерзімді (қар жауғанға дейін және жауғаннан кейін) болып бөлінеді.
Тармақ 64
64. Қар- мұз қосындыларына қарсы жолдарға тұз- құм немесе құмның басқа хлоридтермен қоспасы себіледі, қоспа ауа температурасына сәйкес себіледі. (-6С дейін -120 г/м2 , -6С және төмен -240 г/м2 ) себу, қозғалыс қауіпті аймақтарға, жоғарыдан төмен түсетін жерлерге, қиылыстарға, қоғамдық көлік тоқтайтын жерлерге, көпірлердің үстінен басталады.
Тармақ 65
65. Қысқы мерзімде тротуарларды және жол беттерін ас тұзбен (NaCI) себуге тыйым салынады.
Тармақ 66
66. Шатырды, су өтетін құбырларды қардан тазарту ғимарат иесінің күшімен және қаражатымен, сондай - ақ тұрғын үйге қызмет көрсетуші үйымдардың қауіпсіздікті сақтай отырып, жаяу жүрушілерге, электр жүйесіне, жасыл жеректерге зиян келтірмей жүргізілуі қажет, ол аумақ міндетті түрде қоршалынады.
Тармақ 67
67. Жер пайдаланушының міндеттері:
Тармақша 1
1) пайдаланып жүрген санитарлық нормалар мен осы Қағидамен анықталған тиісті күйде, бөлініп, бекітілген аумақтары, инженерлік жүйелер мен элементтерді (құдықтар, люктер, торлар, тіректер, насос станцияларын, жылу пункттерін, транспорматор подстанцияларын) ұстауға, санитарлық төлқұжатының болуы;
Тармақша 2
2) белгіленген орындарға қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды, көмуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) қажетті жағдайға өз аумағында дезинфекция және дератизация жүргізуге (шыбын, қоныз, тышқандарды жою үшін);
Тармақша 4
4) жол тайғағына қарсы шараларды қарастыруға.
Тармақ 68
68. Тыйм салынады: - гүл егілген газондарға лас қар және мұзды жинауға, жүретін жолдарды бөгеуге; - көшелерде, аулаларда, жалпыға ортақ сауда орындарында ыдыстар және қозғалмалы сауда жасайтын құралдарды қалдыруға тыйым салынады. Сауда соңынан қоқыс қалдықтары жиналуы керек.
Тармақ 69
69. Кооперативтік көлік жайлар, шаруашылық сарайлар, қоймалар, саяжай, аумақтары, бекітілген жасыл желек аймақтары, жеке меншік иелерінің күшімен жиналып, ұсталады.
Тармақ 70
70. Ерекше аумақтарда шатырша, дүнгіршектердді орналастырып, тез бұзылмайтын қнімдерді, жемістерді сату санитарлық эпидемиологиялық станциямен келісім бойынша жүргізілуі қажет.
Тарау 7. 7. Базарлар
7. Базарлар
Тармақ 71
71. Базар аумағына (оның ішінде шарушылық алаңдары, кірме жолдар мен өткелдер) қар және жаңбыр суларының ағып кетуіне мүмкіндік жасайтындай, еңісті, қатты жамылғы (асфальт, жұмыр тас) канализация және су құбыры жасалынған болуы керек.
Тармақ 72
72. Канализациясы жоқ базарларда, қазылған дәретханалар сауда орындарынан 50 м қашықтықта орналасу керек.
Тармақ 73
73. Шаруашылық алағдары сауда орындарынан 30 м қашықтықта болуы керек.
Тармақ 74
74. Әрбір 50 м2 аумағына 1 қоқыс салғыш болуы керек, бірақ олардың аралықтары 10 м -ден аспауы керек. 200 м2 аумағына, сыйымдылығы 100 л қоқыс салатын жәшіктер орналасуы керек, бірақ олардың аралықтары 20 м -ден аспауы керек. Тағам қалдықтарына арнайы жәшіктер қойылуы қажет.
Тармақ 75
75. Көлемі 0,2 гектар және одан көп базарларда қоқыс салғыштар салатын сыйымдылығы 0, 75 м3 контейнерлер де сақталу керек.
Тармақ 76
76. Базар жабылғаннан кейін, оның ішін жинайтын құмыскерлер базар аумағын толық жинауы керекү Күндіз жинастырушылар қоқыс толтырылған жәшіктерді жинауы керек.
Тармақ 77
77. Жылы уақытта базар аумағын сыпырумен қатар, күнделікті жуу керек.
Тарау 8. 8. Саябақтар
8. Саябақтар
Тармақ 78
78. Қоқыс салғыштар орнатылған шаруашылық аймақтары, демалушылардың көп жиналатын жерлерінен (билейтін жерлер, фонтандар, аллеялар және т.б.) қашықтығы 50 м -ден кем болмауы керек.
Тармақ 79
79. Парктер аумағында 800 м2 алаңына бір қоқыс салатын жәшік қойылуы керек. Бас аллеяларда қоқыс салатын жәшіктердің ара қашықтықтары 10 м -ден аспауы керек. Әрбір дұңгіршектердің (тамақ, кәдесый сататын, кітаптар сататын т.б.) қастарына сыйысдылығы 10 л қоқыс салатын жәшіктерді қою қажет.
Тармақ 80
80. Қоқыс жинау қолайлы болуы үшін, демалушылардың көп жиналу орындарынан алыс жерлерге қоқысты уақытша салатын жәшіктер қою керек.
Тармақ 81
81. Қоғамдық дәретханалар демалу жерлерінен 50 м қашықтықта болуы қажет, әр орынға 500 келуші деген есеппен болуы қажет.
Тарау 9. 9. Табиғи су қоймалары
9. Табиғи су қоймалары
Тармақ 82
82. Су жағалауларында медпунктер, құтқару станциялары, тамақ сататын жерлер, киім ауыстыру кабиналары, дәретханалар, қоқыс салғыштар болуы керек. Су ңшетңн кіші фонтандар болған жағдайда, оның суы «Ауыз суы» мемлекеттік стандартына сәйкес болуы керек.
Тармақ 83
83. Қоқыс салатын жәшіктер су қоймаларынан 10 метр, ал гүлдер отырғызылған жерлерден 3-5 метр қашықтықта орналасуы қажет. Жағажайда әр қоқыс салатын жәшіктер 1600 м 2 алаңға бірден қойылады. Олардың аралары 40 метрден аспауы керек.
Тармақ 84
84. Жағажай аумақтарында 3500-4000 м2 алаңдарда сыйымдылығы 075 м3 контейнерлер қойылуы қажет.
Тармақ 85
85. . Жағажай аумақтарында дәретханалар қойылуы қажет, әр орын 75 келушілерге деген есеппен болуы керек, суға түсетін жерден ара қошықтығы 50 м-ден кем емес және 200 м- ден аспау керек.
Тармақ 86
86. Ашық және жабық киім шешетін жерлер, гардеробтар күнделікті хлор өоспасымен дезинфекциялану керек.
Тармақ 87
87. Құмды жағажайды аптасына бір рет беткі қабатын уақтап, базалап, тегістеп отыру қажет.
Тармақ 88
88. Адамдар шомылатын жерге, кір жууға, көлік жууға, үй жануарларын қыдыртуға тыйым салынады.
Тармақ 89
89. Су қоймалары, өзендер, жағажай аумақтарында: - Құрылыс материалдарын, жабдықтарды жинауға тыйым салынады - Қоқыс тастауға, кір қарлар тастауға, шаруашылық және тұрмыс заттарын тастауға тыйым салынады, ол үшін жүзуші құрал жабдықтарына тиеуге арнайы жерлер салынуы керек.
Тармақ 90
90. Қыс мезгілі өткеннен кейін кқлдің жиегі қоқыстардан тазаланып, су қоймаларында санитарлық шаралар қткізілуі керек.
Тарау 10. 10. Қатты қалдықтарды жинау, шығару және залалсыздандыру
10. Қатты қалдықтарды жинау, шығару және залалсыздандыру
Тармақ 91
91. Қатты қоқыстарды шығару және жинау, залалсыздандыру шаралары, қоқыс салатын жәшіктері жоқ үйлер, қоқыс төгетін жәшіктері бар үйлерге байланысты. Сұйық қоқыс жинайтын орын қоқыс төгілетін ор болуы керек. Оларда шыбынды, масаны, тышқандарды жою үшін дезинфекциялау және дератизациялау қажет.
Тармақ 92
92. Тұрғын үйлердің, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, мәдениет мекемелерінің, қоғамдық үйымдандыру кәсіпорындарының, мәдениет мекемелерінің, қоғамдық үйымдардың, т.б. қатты қоқыстарын шығару арнайы ұйымдармен келісім шарты бойынша жоспарлы- тұрақты түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 93
93. Қоқыстарды кез- келген жерлершге төгуге тыйым салынады.
Тармақ 94
94. Қатты қоқыстарды жоспарлы тұрақты түрде жинаушылар аумағынан жинау тапсырыссыз, белгіленген мерзімде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) тұрғын үйлер үй иелері анықтайтын кесте бойынша контейнерлер толғанға дейін;
Тармақша 2
2) қоғамдық және мәдениет объектілерінен қажеттілігіне қарай, аптасына 2 реттен кем емес;
Тармақша 3
3) көп қабатты үйлердің қоқысы үнемі және аптасына 6 реттен кем емес алынады;
Тармақша 4
4) үлкен көлемді қоқыстарды шығару арнайы шақырумен алынады. Сұйық қалдықтарды шығару мамандандырылған кәсіпорындармен шарт негізінде шығарылады.
Тармақ 95
95. Қоқыстарды жинау контейнеллерді арнйы ұйымдармен шарт бойынша ұйымның, кәсіпорынның директорымен, санитарлық қызметтерддің келісімімен қойылады.
Тармақ 96
96. Қоқыстарды жинацтын контейнерлер тұрғындарға қолайлылығана қарап қойылады. Контейнерлерді арнайы алаңдарға тұрғын үйлер мен шаруашылық аулаларының арасына қояды. Қоқыс төгетін контейнерлер мен тұрғын үйлердің арасы 100 м артық болмауы керек. Оның ауласы асфальттанған және орналасуы баруға және арнайы көліктік келуіне қалайлы болуы қажет.
Тармақ 97
97. Барлық көшелерде, саябақтарда, вокзалдарда, су қоймаларында, базарларда, аәропорттарда қоқыс салатын жәшіктер жеткілікті болуы керек. Көлік аялдамаларында, дүкендер мен дүңгіршектерінде қоқыс салғашорнату міндетті, қоқыс салатын жәшіктің сыйымдылығы бөлігінен 3/4 аспауы керек.
Тармақ 98
98. Қоқыс салатын жәшіктердің тазалығын сақтауға иелері мен жинауды жүргізетін кәсіпорын жауапты болады.
Тармақ 99
99. Мал өсірумен айналысатын шаруашылық пен мекемелердің иелері қиды және басқа қалдықтарды, оларды өсіру жерлерінде және санитарлық ұйымдармен белгіленген орындарға жинауға тиіс.
Тармақ 100
100. Қоқыс шығаруды санитарлық қызметпен уәкілетті орган қадағалайды. Тексеріс уақытында жеке және заң тұлғалардың қатты қоқыс шығаратын арнайы мекемемен келісім шарты болуы керек. Келісім шарты болмаған күнде, арнайы жерге қоқыс шығарғанда құжат болуы қажет.
Тармақ 101
101. Әр бір елді мекенде жергіліңті атқарушы органның қаулысымен бекітілген, жақсы жабдықталған (кірме жолдар, шектеулі арықтар, көрсеткіштер) кемінде бір қоқыс жиналғыш орны болуы керек.
Тармақ 102
102. Қоқыс жинау орнына әкелінген қоқыс биіктігі 2 м- ден аспауы керек. Жан- жағы топырақ пен ауа қатыспайтын материалмен жабылуы керек. Топырақтағы суды таза күйінде сақтау үшін, қоқыс жинағыштың асты су өткізбеуі керек. Қоқыс жинағышты тегіс және ойық аумақтарда орналастыруға болады.
Тармақ 103
103. Қоқыстың бетін жапқан кезде, аумақтың келешек жоспарын есепке алады.
Тарау 11. 11. Ғимараттарды бұзу
11. Ғимараттарды бұзу
Тармақ 104
104. Аймақты ескі жарамсыз ғимараттардын тазарту жұмыстары осы рәсімді жасау заңға сәйкес келетіндігін қаңмен қамтамасыз етуден кейін ғана жасала бастайды.
Тармақ 105
105. Тұтас, темір және бетоннан жасалған құрылыстар құрылыс нормалары мен қағидасы талаптарына сәйкес бұзылады.
Тармақ 106
106. Ғимараттың астындағы кеңдігі 3 м- ден артық арық пен орларды қабат сайын топрақпен тығыздап жабу керек.
Тармақ 107
107. Бұзылғаннан кейін аумақ рекультивациялауға жатады.
Тарау 12. 12. Үй жанындағы аумақтарды пайдалану
12. Үй жанындағы аумақтарды пайдалану
Бөлім 1. 1. Үй жанындағы аумақтарды тазалау
1. Үй жанындағы аумақтарды тазалау
Тармақ 108
108. Тұрғын үй жанындағы аумақты тазалау бүкіл елді мекеменнің аймағын кешендік тазарту жүйесінің бөлігі болып табылады.
Тармақ 109
109. Үйдің және үй маңындағы тротуарларды тазалау жұмыстарының көлімі үй мен оның жанындағы аумаққа берілген техникалық паспорт пен жер учаскесі мәліметіне сай анықталады.
Тармақ 110
110. Төтенше жағдай бола қалған жағдайда су жүретін люктің аузы, канализациялық құдықтар қардан, мұздан таза болуы керек.
Тармақ 111
111. Тұрғын жай қорын пайдалану жөніндегі мекемелер мен кәсіпорындар, кондоминиумдер төрағалары (ТПИК) міндеті:
Тармақша 1
1) бекітілген аумақтарды тиісті түрде көгалдаедыруға, абаттандыруға аумақтың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) санитарлық ережелерге сәйкес ұстау жөнінде тұсіндіру жұмыстарын өткізуге және бекітілген аумақта өткізілетін шараларға халықты ұйымдастыруға;
Тармақша 3
3) тұрмыс қалдықтарын шығаратын мекемелермен мезгілінде шартқа отыға, оны жинақтайтын орынды жақсы жабдықтауға, қоқыс жинағыштарға, қоқыс төгілетін орындарға еркін жетуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) дезинсекциялау, дезинфекциялау, дератизациялау шараларын арнайы мекемелермен бірігіп жасауға және өткізуге.
Бөлім 2. 2. Аумақтардың санитарлық тазалауын үйымдастыру
2. Аумақтардың санитарлық тазалауын үйымдастыру
Тармақ 112
112. Аумақтардың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету үшін
Тармақша 1
1) қызмет көрсетілген аумақта қатты қалдықтардды жинайтын, канализациясы жоқ ғимараттарды сонымен қатар сұйық қалдықтарды төгетін жинағыштар орнату;
Тармақша 2
2) тазалайтын мекемелермен қалдықтарды шығаруға келісім шартқа отыру және қалдықтардды шығару кестесінің орындалуын қадағалау.
Тармақ 113
113. Қалдық төгілетін жинағыштар тұратн мағайына талдар мен бұталар отырғызу ұсынылады.
Тармақ 114
114. Қоқыс жинағыштарды орнатқан кезде келесі талаптарды орындау қажет: қоқыс жинағыштарды орнатқан кезде келесі талаптарды орындау қажет: қоқыс жиналғыштар тұратын орын мен үйлердің терезе -есіктерінің ара қашықтығы 20 м- ден кем болмауы керек.
Бөлім 3. 3. Ғимараттар мен аумақтардың сырттарын абаттандыру
3. Ғимараттар мен аумақтардың сырттарын абаттандыру
Тармақ 115
115. Адам тұратын ғимараттардың қасбеті таза және дұрыс күйде болуы керек. Оларда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»заңына сәйкес, жергілікті атқарушы орган бекіткен үлгі бойынша қазақ- орыс тілінде жазылған үй белгілері орнатылуы керек. Қалалық өткел атауларының көрсеткіштері (көшелердің, алаңдардың, т.б.). Бұл көрсеткіштер ғимараттың екі жақ қабылғасында, көшенің қиылысқан жерінде орнатылады. Көрсеткіштің бағыты үйдің бұрышынан орамның ортасына жіберілуі керек. Орамның шетіндегі үйлердің нөмерлері белгілену керек.
Тармақ 116
116. Ғимараттардың қасбеттерінде полигонометрия таңбалар, геодезия таңбалары және өрт гидрантарының көрсеткіштері, су құбыры және канализация жүйесінің камера, магистраль, құдықтары орындарының көрсеткіштері, жер астындағы газ құбырының орын көрсеткіштері және де қала шаруашылығың басқа да объектілерінің көрсеткіштері болуы қажет.
Тармақ 117
117. Белгіленген таңбаларды орнатқан мекемелердің рұқсатынсыз алуға және көшіруге болмайды.
Тармақ 118
118. Құрылыс материалдары үй қожалығының аумағында уақытша жинауға, өрт кезіндегі өтетін жерлер сақталғанда, көк алаңдардың сақталуы және терезелердің көлеңкеленбеуі жасалған кезде рұқсат беріледі.
Бөлім 4. 4. Тұрғын үйге және үй жанында жайғастырылған аумақтара қойылатын санитарлық- гигиеналық талаптар
4. Тұрғын үйге және үй жанында жайғастырылған аумақтара қойылатын санитарлық- гигиеналық талаптар
Тармақ 119
119. Тұрғын үйлердің және үй жанында жайғыстырылған учаскелердің санитарлық жаңдайын бақылауды жергілікті санитарлық және басқа да уәкілетті органдар жүзеге асырады. Олардың ұсынысы бойынша үй иелері тазалау шараларын жасайды. 120.Тұрғын үйдің және үй жанында жайғастырылған учаскелердің жалпы пайдалану жерлерін кеміргіштерден, құрт - құмысқадан тазарту үшін (санитарлық ұйымдардың ұсынысымен) дератизациялау және дезинфекциялау керек.
Тармақ 121
121. Канализация жоқ учаскелердегі аумақтағы үй қожалығының ауласындағы дәретханалар тазалау және дезинфекциялау 20 % хлор әгінің ертітіндісімен жүргізілу керек.
Тармақ 122
122. Осы Қағиданы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасмының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінде қарастырылған санкциялар қолданылады.