Об изменении и установлении границ населенных пунктов Казыгуртского района Туркестанской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы кейбір елді мекендердің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы бойынша келесі елді мекендердің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
Тармақша 1
1) Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округінің Атбұлақ елді мекенінің пайдаланудағы 284,81 гектар шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 6,0 гектар жерді қоса отырып, Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округінің Атбұлақ елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 290,81 гектар болып белгіленсін;
Тармақша 2
2) Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округінің Қыдыр Мәмбетұлы елді мекенінің пайдаланудағы 231,35 гектар шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 22,2 гектар жерді қоса отырып, Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округінің Қыдыр Мәмбетұлы елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 253,55 гектар болып белгіленсін;
Тармақша 3
3) Шарбұлақ ауылы округінің Шарбұлақ елді мекенінің пайдаланудағы 434,51 гектар шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 58,0 гектар жерді қоса отырып, Шарбұлақ ауылы округінің Шарбұлақ елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 492,51 гектар болып белгіленсін;
Тармақша 4
4) Жаңабазар ауылы округінің Жаңабазар елді мекенінің пайдаланудағы 219,18 гектар шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 61,5 гектар жерді қоса отырып, Жаңабазар ауылы округінің Жаңабазар елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 280,68 гектар болып белгіленсін;
Тармақша 5
5) Қарабау ауылы округінің Сынтас елді мекенінің пайдаланудағы 293,48 гектар шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 7,2 гектар жерді қоса отырып, Қарабау ауылы округінің Сынтас елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 300,68 гектар болып белгіленсін;
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.