«Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» атағын беру Ережелері туралы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» атағын беру Ережелері туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мелекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 12-1 тармақшасы негізінде, «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» атағын беру тәртібін есептеу мақсатында аудандық мәслихат шешті:
Тармақ 1
1. «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы Ережелері бекітілсін. (Қоса тіркеледі). КЕЛІСІЛДІ: Аудандық Қаржы Басқармасының бастығы К.Көрпебаева 06.12.2004 ж.
Басқа 2
«Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» атағын беру ережелері туралы» 2004 жылғы 6 желтоксандағы № 4-10с аудандык, мәслихаттың шешімімен БЕКІТІЛГЕН «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тармақ 1
1. «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» атағы беріледі:
Тармақ 1.1
1.1. Уәлиханов ауданының еңбекті мінсіз атқарған, қоғамдық өмірге және жастарды тәрбиелеу жұмыстарына белсене қатысқан, сонымен бірге жерлестерінің арасында үлкен абырой мен құрмет тапқан және ауданның даму барысына айрықша маңызды үлес қосқан азаматтарға.
Тармақ 1.2
1.2. Жоғарғы атқарушы және Заң шығарушы билік органдарының дипломаттық және мемлекеттік қызметтерде өзін көрсеткен белгілі мемлекеттік саяси қайраткерлерге, Егемен Қазақстанның біртұтас тәуелсіз болуына зор үлес қосқан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен және «Халық қаһарманы» айрықша белгісімен аталып өткен, өмірбаяны осы ауданмен байланысты азаматтарға:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған және жанқиярлық көрсеткен, Қазақстан Республикасының біртұтастығын және тәуелсіздігін қорғаған, бейбітшілік кезде азаматтық парызын атқарғанда аса жанқиярлық ерлік көрсеткен азаматтарға;
Тармақша 2
2) инновациялық қызмет атқарған және ауданның экономика мен әлеуметтік дамуына белсене әсер еткен озат технология енгізген, кең көлемде инвестициялар кіргізген, ауданның қаржы, аграрлық, өнеркәсіп салаларының дамуына зор үлес қосқан азаматтарға;
Тармақша 3
3) ғылым, мәдениет пен өнер саласында мемлекеттік сыйлық алған, мемлекеттік және халықаралық конкурс, фестиваль, көрмелердің жеңімпаздарына, көп үлттық Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттайтын азаматтарға;
Тармақша 4
4) Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен және жүлделермен марапатталған, әлем немесе республика чемпионы, Отан спортының атағын бүкіл әлемге шығарған азаматтарға;
Тармақ 2
2. «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» атағы аудандық мәслихатының сессиясының шешімі арқылы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігінің ұсынысымен беріледі.
Тармақ 3
3. Уәлиханов ауданының құрметті азаматына «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» деген жеке куәлік, Диплом және белгі беріледі.
Тармақ 4
4. Жергілікті өкілді органдардың шешімімен «Уәлиханов ауданының құрметті азаматына» жылда бір рет аудан бюджетінің (258-51) «Кейбір азаматтар категориясына жергілікті өкілді органның шешімі бойынша әлеуметтік төлем» бағдарламасында қарастырылған әлеуметтік төлем 100 мың теңге мөлшерінде беріледі. «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» атағы берілген азаматтар ауданның әр түрлі ұйымдарының салтанатты жиналыстарына, мерекелік шараларына қатысуға, мемлекеттік ер мен кәсіпорындарында кезектен тыс қабылдануға құқығы бар.
Тармақ 5
5. «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» Уәлиханов ауданының «Құрмет кітабына» тіркеледі.
Тармақ 6
6. «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» атағынан аудандық мәслихат келесі жағдайларда айырады:
Тармақ 6.1
6.1. Соттың шешімі бойынша белгіленген Заңнама арқылы азамат қылмыс жасағаны үшін сотталғанында;
Тармақ 6.2
6.2. «Құрметі азамат» атағына нұқсан келтіретін қылықтар жасаса, қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың ұсынысы және аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының қорытындысы бойынша;
Тармақ 7
7. «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» атағынан айырылған азамат аудандық мәслихатқа Дипломды, жеке куәлігін және белгісін қайтарып береді.